Қазақстан Телерадиокорпорациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Компания «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы Акционерлік Қоғамы - «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «KAZsport» телеарнасы, «Балапан» телеарнасы, «Мәдениет» телеарнасы, Қазақ радиосы, «Шалқар» радиосы, «Астана» радиосын және де аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіретін Қазақстандағы және алыс-жақын шетелдегі беделді телерадиокорпорациялардың бірі. Бұл телерадиокорпорация өзінің қалыптасуында бай тарихқа ие және Қазақстанның телерадиожурналистикасының дәстүрін мұра етіп келеді. 1922 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған республикалық бірінші телеарнадан басталды. Телерадиокорпорация жарнамалық қызметпенде айналысады.<ref>http://kaztrk.kz/#sectionCorp Корпорация туралы</ref>

Мазмұны

Тарихы

1951 жыл 22 наурыз күні КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен КСРО-ның Орталық теледидары құрылды. 1957 жылы Үкімет радио және теледидарды Мәдениет министрлігі құрамынан бөлек шығару туралы шешім шығарды. Содан соң, КСРО Министрлер Кеңесінің жанынан Радио және телехабарлар тарату жөніндегі комитет құрылды. Нәтижесінде 1957 жыл 29 маусымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Телевизия және радиохабарлары жөніндегі комитет құру туралы қаулы қабылдады.

1922 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған республикалық бірінші телеарнадан бастау алды.

«Қазақстан» – Қазақстан Республикасының ақпараттық саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік телерадиокорпорация. Тұрғындарды қамту жағынан алдыңғы орынды иемденеді. Қазақстанның 98,63% тұрғындары түрлі бағдарламаларды көріп, тамашалай алса, Қазақ радиосын тұрғындардың - 88,74 , «Шалқар» радиосын - 61,31 пайызы тыңдай алады. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен аймақтық телерадиокомпанияларының сигналдары анық таралатын аймақтарға кіретін Қазақстандағы ауыл тұрғындарының, кем дегенде, жартысы үшін теледидар ақпараттық және мәдени қажеттілікті, білім алуды, демалысты ұйымдастыруды қанағаттандырады.

Корпорацияның хабар тарату саясаты ақпараттық, ағартушылық, ойын-сауықтық бағыттағы ақпарат беруде, ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын, гуманизм идеяларын және Қазақстан халықтары арасындағы достықтың даңқын арттыру мен насихаттауда салмақтылықты және объективтілікті насихаттайды.

Кеңестік дәуірде корпорацияда дағдарыс пен тоқырауға ұшыраған жоқ.

2001 жылы жаңа менеджерлер құрамының келуімен жағдайы айтарлықтай жақсара бастады. Жаңадан хабарлар циклі, қызықты да тартымды ток-шоулар пайда болып, көрермендер мен тыңдармандардың саны артты.

Басқарма

  • 1. Қанапия Мұстафин
1956-1957 жылдары – Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігі Радиоақпарат бас басқармасының бастығы.
1956-1959 жылдары – Қазақ КСР-і Министрлер кеңесінің жанындағы Радиохабарлар және теледидар жөніндегі комитет төрағасы.
  • 2. Құрманбек Сағындықов
1959-1962 жылдары – Қазақ КСР-і Министрлер кеңесінің жанындағы Радиохабарлар және теледидар жөніндегі комитет төрағасы.
  • 3. Кенжеболат Шалабаев
1962-1969 жылдары – Қазақ КСР-і Министрлер кеңесіндегі Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы.
  • 4. Кеңесбай Үсебайұлы Үсебаев
1969-1975 жылдары – Қазақ КСР-і Министрлер кеңесіндегі Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы.
  • 5. Хамит Хасенұлы Хасенов
1975-1978 жылдары – Қазақ КСР-і Министрлер кеңесіндегі Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы.
1975-1983 жылдары – Қазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы.
  • 6. Камал Сейітжанұлы Смайылов
1983-1986 жылдары – Қазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы.
  • 7. Ғаділбек Мінәжұлы Шалахметов
1986-1990 жылдары – Қазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы.
  • 8. Сағат Әшімбайұлы Әшімбаев
1990-1991 жылдары – Қазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы.
  • 9. Ғаділбек Мінәжұлы Шалахметов
1991-1992 жылдары – Қазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы.
  • 10. Шерхан Мұртаза
1992-1994 жылдары – «Қазақстан» мемлекеттік телерадиохабарлар компаниясының төрағасы.
  • 11. Лейла Қалибекқызы Бекетова
1994-1995 жылдары – «Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясының президенті.
  • 12. Әшірбек Сейілханұлы Көпішев
1995-1996 жылдары – «Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының президенті.
  • 13. Ерлан Әбенұлы Сатыбалдиев
1996-2001 жылдары – «Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының президенті.
  • 14. Есетжан Мұратұлы Қосубаев
2001-2002 жылдары – «Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы.
  • 15. Ғалым Төлембекұлы Доскен
2002 жылы «Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы.
2003-2004 жылдары – «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы.
2004-2006 жылдары – «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы.
2006-2007 жылдары – «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы.
  • 17. Дәурен Серікұлы Әбдіхамитов
2007-2008 жылдары – «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы.
  • 18. Жанай Сейітжанұлы Омаров
2008-2011 жылдары – «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы.<ref>http://kaztrk.kz/#sectionCorp Корпорацияны басқарғандар</ref>
2011 жылдың шілдесінен – «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы.<ref>http://kaztrk.kz/kz/view/comand/page_22529_mukhamedzhanova-nurzhan-zhalaukyzy Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова</ref>

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы

Үлгі:Main «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы - бiрiншi ұлттық қазақстандық телеарна. 1958 жылы негізі қаланған. Сол жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қазақстан» қонақ үйі 8 наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді, желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ теледидарының тарихында жаңа кезең басталды. 1994 жылы 4 сәуірде Қазақстан Президентінің жарлығымен «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы деп аталды. Телеарнада күніне қазақ тілінде 4 рет, орыс тілінде 4 рет жаңалықтар топтамасын беретін ақпараттық талдау бағдарламасы дирекциялары, «Ел» (қоғамдық-саяси және әлеуметтік - экономикалық хабарлар) шығармаластық бірлестіктері жұмыс істейді. «Мезгіл», «Бар мен жоқ», «Қатардағы жауынгер», «Ақжүніс» топтама хабарлары беріледі. Екі тілде «Достық» тележурналы шығып тұрады. «МИР» телеарнасының тапсырмасы бойынша «Достастық жаңалықтары» беріледі. Телеарнаның 13 облыстық және 1 қалалық (Семей) бөлімшесі бар. Оның хабарларын 2003 жылы Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейдің Қазақстанмен шекаралас 12 облысы мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономдық аудандарының тұрғындары көре бастады.<ref name="ReferenceA">Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Бағдарламалар

Таңғы

Әр таң сайын «Қазақстан» Ұлттық арнасының шымылдығын ашатын «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы жаңа маусымын бастады.

Саяси-қоғамдық

  • Қазақстан. Менің елім.

Әр хабар белгілі бір облыс өміріне арналады.Облыстың Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері жіліктеп жазылады.

  • Жаңалықтар

Ел және жаһан жаңалықтары

  • Арнайы репортаж

Арнайы репортаж – бүгінгі заманның өткір әлеуметтік мәселелеріне арналған телевизиялық бағдарламалардың циклі

  • Еңселі Елорда

Астанада өткен айтулы оқиғалар, қаланың әлеуметтік жағдайы, қала тынысы және мәдени өмірімен «Еңселі Елорда» бағдарламасының авторлары таныстырады

  • Апта.kz

Елімізде 1 апта көлемінде болған саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайларға және мәдени-рухани кеңістіктегі оқиғаларға талдау жасалады.

  • Меншікті мекен

Бағдарлама көрерменге есімі, қызметі таныс, бірақ, кейбір қырлары бейтаныс қоғам қайраткерлерінің, ғылым, өнер, спорт саңлақтарының, саясаткерлердің болмысын ашып көрсетуге тырысады.

  • Парламент

Жоба авторларының алға қойған мақсаты - Сенат пен Мәжілістің жұмысымен бұқараны хабардар ету, олардың заң шығарушылық қызметін сараптау.

Әлеуметтік

  • Сыр сұхбат

Бағдарлама қонақтары заманында талай асуларды алып, шыңдарды табындырған алдыңғы буын ағалар мен аналар.

  • Менің Қазақстаным

Жоба мақсаты- әрбір қазақстандықтың және жалпы қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттыру.

  • Халық таңдауы

Бағдарлама тұтыну мәдениетін жаңа деңгейге көтеруді көздейді.

  • Жан жылуы

Бағдарламаның мақсаты- халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ел болып атсалысуға шақыру.

  • Заң алаңы

«Заң алаңы» сізді алаңдатқан өзекті мәселерге бағыт сілтеп, заңды шешімін табуға қол ұшын береді

  • Денсаулық

Хабардың басты мақсаты - ауырған адамға үміт беріп, оны емдеудің жолын түсіндіру.

  • Сен сұлу

Бағдарлама мақсаты - өзінің түр-тұлғасына, киім киісіне онша мән бермейтін әйелді сәндеу арқылы, оған психологиялық тұрғыдан өзіне деген сенім туғызып, өзгерту.

  • Еркетай

«Еркетай» бағдарламасы 3-тен 13 жас аралығындағы балабақша мен мектеп оқушыларына арналған.

Cпорттық

  • Әйелдер арасында волейболдан Әлемдік Гран -При

Әйелдер арасында волейболдан Әлемдік Гран -При

  • «Астана-2011» бокстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты

Көрсетілімдердің таспаға жазып алынған нұсқасы

  • Футболдан УЕФА және Еуропа лигасының көрсетілімдері

«Қазақстан» Ұлттық арнасы футболсүйер қауымға УЕФА және Еуропа лигасының ойындарын ұсынады.

  • Футболдан Қазақстанның Премьер-лигасы

Ұлттық арна футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ойындарын ұсынады! Көрсетілімдер Қазақстан футбол федерациясы бекіткен маусым кестесіне сай жасалады.

  • Тур де Франс-2011 - көрсетілімдердің мұрағаты

Ұлттық арна төрткіл дүние көз тіккен бәсеке - «ТУР-ДЕ-ФРАНС»-2011 велобәйгесін ұсынады.

  • Азиада күнделігі

Бағдарлама Азия ойындары жарыстарының қорытындысы жөнінде ақпарат беріп отырады.

  • Толағай

«Толағай» отбасылар сайысы арқылы еліміздің жас өрендерін отбасыларымен бірге спортқа баулып, салауатты өмір сүруге насихаттауды мақсат тұтамыз.

  • Көкпар

Бағдарламаның мақсаты – ұлттық ат спорты түрлерінің бірі әрі бірегейі көкпарды өзге де командалық спорт түрлерімен терезесін теңестіру.

  • Sport.kz

Бағдарламаның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, апта айшығындағы спорттық ақпараттарды дер кезінде көрерменге жеткізу.

  • Азиада-2011

Бағдарлама көрермендерді Қысқы Азия ойындары барысынан хабардар етіп отырады. Бағдарлама 2011-жылдың наурыз айында жабылды.

Руханият

  • Келбет

Телебағдарламаға елге танымал болған қайраткерлердің өмір тарихы, еңбек жолы, отбасы тіршілігі арқау болады.

  • Кеш жарық

Бағдарламада қазақ эстрадасының аты аңызға айналған жұлдыздарының өмірлік жолы сөз болады.

  • Ілік септігі

Телебағдарлама – ағымдағы аптаға орайлас белгілі бір тарихи, мәдени оқиғалар мен тұлғалардың ілкімді тұстарын сөзге ілік ете отырып, тартымды журналистік зерттеу жасайды.

  • Сөз мерген

Бағдарлама үш кезеңнен тұрады: «Мықты болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр». Бағдарлама ойын түрінде өткізіледі.

  • Сөнбес сәуле

«Сөнбес сәуле» бағдарламасы өмірден өткен танымал тұлғалардың (ақын, жазушы, композиторлар) еңбектерін, қалдырған мұраларын қазіргі буынға таныстыруды мақсат тұтады.

  • Айгөлек

Қазақстандық балалар шығармашылығының инфрақұрылымы қажетті деңгейде жұмыс істемейді, сондықтан да оның мұрасын суреттеу мен дамыту – бағдарламаның басты міндеттерінің бірі.

  • Сегіз қырлы

«Сегіз қырлы» - ішсең - шөлің қанбайтын бұлақ болған, көңілге нұр сыйлайтын шуақ болған, жігеріңді жанитын қуат болған қазақтың дәстүрлі мәдениетін қайта жаңғыртпақ

Бірлескен (аутсорсинг)

  • Санамақ

Экономика тақырыбын жан-жақты аша түсетін «Санамақ» танымдық бағдарламасы.

  • Алтын Таға

2011-ші жылғы наурыздың 16-дағы жағдай бойынша JACK POT мөлшері 18 450 000 теңгені құрайды!

  • Бизнес ақпарат

Бағдарламаның мақсаты: көрерменді әлемдегі экономика және қаржы саласындағы соңғы жаңалықтармен ақпараттандыру.

  • Капитал әліппесі

Бағдарлама халыққа қаржы құралдарын дұрыс пайдалануды және сол арқылы табыс табуды үйретеді.

  • Көршілер

Ток-шоу адамдар өмірінен қаз қалпында, еш боямасыз алынған оқиғалар жөнінде баяндайды.

  • Пай-пай шоу

Кейіпкерлеріміздің өміріндегі қызықты оқиғаларды да, тұрмыстағы қиыншылықтарын да, олардың отбасылық бақытының құпиясын да «Пай-пай» шоудан көріңіз.

  • Жүзден жүйрік

Балаларды ойнап жүріп ойлауға үйрететін танымдық, спорттық, ойын-сауық бағдарламасы.

Жарнамалық

  • Аңдатпа

Арнамыздағы бағдарламалардың, топтамалардың және фильмдердің аңдатпасы.

Үздік бағдарламалары

Екі жұлдыз

Үлгі:Main

Сурет:2zhuldyz-4.jpg
"Екі жұлдыз" теле думаны - төртінші маусымының белгісі

«Екі жұлдыз» - «Қазақстан» ұлттық телеарнасында көрсетілетін шоу бағдарлама. Жобаның мақсаты алуан түрлі салада белгілі болған тұлғаларға ән айтқызу. Жоба жарыс түрінде жүреді, әр жұптың бір мүшесі кәсіби әнші болуы міндетті.

«Екі жұлдыз» - бұл жұлдыздар жұлдыздарға ән айтуды үйрететін жоба. Жобада 16 жұп, 16 әнші және осы уақытқа дейін сахнада кәсіби түрде ән айтпаған 16 танымал тұлға. Өзіндік ерекшелегімен көрерменді тәнті етіп, көпшіліктің ықыласына бөленген бұл жобаның қатысушылары елімізге кеңінен танымал түрлі саланың өкілдері. Сонымен қатар бұл вокалды жарыс болғандықтан фонограмма қолданылмайды деп хабарланды. Қатысушылар тек жанды дауыспен ән айтуы тиіс. Жоба 2010 жылдың басында басталды, оссы уақытқа дейін жобаның 3 маусымы өтті. 2011 жылдың қыркүйек айының соңында 4 маусым басталды.

Екі жұлдыз (төртінші маусым)

Үлгі:Main «Екі жұлдыз» бұрынғы маусымдардан ерекше түсірілген. Жұлдызды жұптардың міндеті – тек сахнаға шығып ән айту ғана емес, өзге қарсыластарынан артықтығын көрерменге дәлелдей білу. Ол үшін сайыскерлер әлемдік хиттер мен бәсекелестерінің репертуарларындағы туындыларды орындап, түрлі жанрды еркін меңгере алатынын көрсетеді және алуан түрлі образдарға енеді. Алайда, жоба жұлдыздардың әсем әуендері мен әсерлі қойылымдарын назарға ұсынатын думанды бағдарлама ғана емес, әр саны сайын бір жұппен қош айтысуға тура келетін драма. Өткен маусымдарда қазылар алқасы бір көтерген бағасын өзге жұпқа қоя алмай, қиналатын ереже бұл маусымда жүрмейді және әр жұп бағасын білгенше хабардың соңын күтіп уайымдамайды, өнер көрсеткеннен кейін бірден біледі. Ал жұптарды бағалаудағы көрермен құқығы бұрынғыдай: 50 де 50 пайыз дауысқа ие.

Қазақтың 100 әні

Үлгі:Main

Сурет:Logo100an.png
"Қазақтың 100 әні" теледуманының рәмізі

"Қазақтың 100 әні" - бұл Қазақстандағы теңдесі жоқ бірден-бір теледуман. Еліміздің ән мұрасын бір жүйеге келтіру мақсатында қолға алынып отырған соңғы онжылдықтағы алғашқы ауқымды талпыныс. Ол бірнеше кезеңнен тұрады. Тележоба 2011 жылдың 26 ақпанында тұсауы кесіліп, ақтық мәресі 9 шілде күні үздік әндерді шырқаумен аяқталды.

«Қазақтың жүз әні» жобасы – еліміздің ән мұрасын бір жүйеге келтіру мақсатында қолға алынып отырған соңғы онжылдықтағы алғашқы ауқымды талпыныс. Ол бірнеше кезеңнен тұрады.

Алғашқы кезеңде қазақстандықтар өздерінің сүйікті әндерін жіберді. Содан кейін, осы әндердің ішінен жиі орындалып жүрген жүздеген композиция іріктеліп алынды. Бұл тізімге әр уақыт кезеңін қамтитын ән үлгілері енеді: Абайдың және басқа да классиктердің халық әндеріне айналып үлгерген шығармаларынан бастап кеңестік кезең мен заманауи шлягерлерге дейін.

Міне, осыдан кейін жобаның телевизиялық бөлімі басталады. Бұл кезең бірнеше айға созылады.

«Қазақтың жүз әні» жобасы «Қазақстан» Ұлттық арнасынан аптасына бір рет көрсетіліп тұрады. Жобада сұрақ-жауап сайысы да болады. Ол арқылы әндердің шығу тарихы жөнінде мағлұмат алу мүмкіндігі бар. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген ең білікті қонақ жобаның жеңімпазы атанады. Сонымен қатар, әр бағдарламадан соң, көрермендердің СМС дауыстары арқылы бес, ең танымал ән анықталады және олар қорытынды жүздікке енеді.

«Қазақтың жүз әні» телевизиялық жобасы қазақ халқының бай ән мұрасын насихаттауға бағытталған. Бағдарлама барысында халықтың көмегімен ең танымал 100 туынды іріктеліп алынады.

«Қазақтың жүз әні» жобасының қорытындысы бойынша 100 танымал ән енген CD және DVD жинақтары жарық көреді деп күтілуде.

«Қазақтың 100 әні» теледуманы әнді, қазақ әнін сүйетін әр қазақтың шаңырағына шаттық сыйлап, көптеген әндерге екінші тыныс тарту етті.

Қазақ музыкасын бір жүйеге келтіру жолындағы алғашқы әрекет өз жемісін беріп, 100 үздік ән қазақ тыңдарманына арнайы жинақ болып жол тартады. Үздік жүз әннің тізіміне теледуманның 19 жеңімпазы өз таңдауларымен қосқан 19 ән және көрермен дауыс берген 81 ән енді.

«Қазақстан дауысы»

Үлгі:Main

«Қазақстан дауысының» басты идеясы - халық арасында танылмай жүрген талантты жандардың әншілік қырын көрсету. Оларды көпшілікке танытып, өнерін жарыққа шығару. Жобаға тек үздік ән айтатын үміткерлер ғана қатыстырылады.

Бұл телевизиялық шоу алғаш рет Нидерландтың «RTL4» телеарнасында «The Voice of Holland» деген атпен жарыққа шыққан болатын. Әлемнің бірнеше еліне тарап, көпшіліктің ықыласына бөленген тележоба бүгінде қазақ ән әлеміне де келіп жетті.

Тың жобаның басты мақсаты – ел арасында жүрген асқақ дауысты, жезтаңдай әншілердің арасынан ең мықты деген дауысты таңдап алу. Жобаға 18-45 жас аралығындағы кез-келген өнерпаз қатыса алады. Іріктеу Қазақстанның бірнеше қаласында өтеді.

Аймақтық филиалдары

Үлгі:Main Қазақстанның әр облыс орталықтарында орналасқан.<ref>http://kaztrk.kz/#sectionAffiliates Аймақтық желі</ref>

Ақмола облыстық филиалы

Үлгі:Main «Казахстан» РТРК» АҚ АОФ 1999 жылдың 21 қыркүйегінде Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетауға ауысқаннан кейін құрылды. Алғашқы эфир 1999 жылдың 4 қазанында шықты. Құрылған күннен бастап 2004 жылдың күзіне дейін филиал ғимарат жалдап келген. Ал, қазіргі кезде «Қазақстан» РТРК» АҚ АОФ-ның қала орталығында орналасқан екі қабатты жеке ғимараты бар.

Облыстық филиал бүгінгі күн талабына сай жұмыс жасауға ұмтылуда. Қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалана отырып, ұжым шығармашылық ізденіс үстінде қызмет істеуде. Сондай ізденістер, ерінбей еңбек етудің арқасында арнамыздың көрермендерінің саны арта түсті. Ал спутниктік сандық жүйеге көшу таралым аймағымыздың кеңеюіне байланысты жауапкершілігіміз жүгін арта түсті.

Бүгінде ұжымда 78 қызметкер бар, олардың орташа жасы 24-25, бұл негізгі мақсаттарды: аймақтық деңгейдегі мемлекеттік саясаты насихаттау, шығармашылықты жаңа сатыға көтеріп аудиторияны кеңейтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Филиалды техникалық қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі.<ref>http://kokshetautv.kz/kz/category/channel</ref>

Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Үлгі:Main Студияның қалыптасу кезеңіндегі кешегі өткен өмір дәуренін бүгінде тек тарихтың алтын парақтарынан табуға болады. Қайтып келмес сол бір кездерді ой елегінен бір өткізсек. Кенді Алтайдың киелі ордасы - Өскемен қаласында телевизиялық студия ресми түрде 1958 жылы наурыздың 16-ншы жұлдызында ашылды. Бұл шынымен тарихқа алтын әріппен жазылар оқиға. Себебі, шығыс телеарнасы қазақ жерінде ашылған тұңғыш телевизиялық студия болған еді.<ref>http://oskementv.kz/kz/category/channel</ref>

Павлодар филиалы

Үлгі:Main Қазақ КСР Министрлер Кеңесі 1961 жылғы 28 ақпанда Павлодарда телеорталық құрылысын салу туралы шешім қабылдады. Осы жылдың көктем айында ғимараттың құрылысы басталып, мұнараны монтаждау басталды. 1965 жылы 7 қарашада Павлодар телестудиясы тұңғыш рет бірінші бағдарламасын эфирге шығарды.<ref>http://pavlodartv.kz/kz/category/channel</ref>

Жамбыл облыстық филиалы

Үлгі:Main Жиырма жылдың белесі немесе «Қазақстан-Тараз» телеарнасының тарихынан. 20 ғасырдан астам тағылымды тарихы бар Әулиеата өңірінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға – облыс тарихындағы жарқын беттердің бірі болды десек артық айтқандық емес. Біріншіден, Жамбыл теледидары республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым болды. Сөйтіп 1989 жылдың 1 қарашасында шаңырақ көтерген телеарна араға алты күн салып барып, орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді.<ref>http://taraztv.kz/kz/category/channel</ref>

Қызылорда облыстық филиалы

Үлгі:Main Қызылорда облыстық телеарнасы 1991 жылдың 30 сәуірінде ашылды. Дәл осы күні алғаш рет 30 минуттық хабармен эфирге шықты. Ертесіне, 1 мамыр күні қаланың орталық алаңындағы мерекелік демонстрациядан 45 минуттық тікелей репортаж жасады.<ref>http://kyzylordatv.kz/kz/category/channel</ref>

Ақтөбе облыстық филиалы

Үлгі:Main «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе филиалы 1960 жылы 28-қазаннан бастап өз хабарларын тарата бастады. 1998 жылы метрлік диапазонға шыққан. Филиал қала мен қалаға жақын елді мекендерге 10-шы арна бойынша тәулігіне 14 сағат, 8-ші арна бойынша облысқа 1 сағат хабар таратады. ҚР «Тіл туралы», «БАҚ», «Жарнама » туралы заң баптарының сақталынуына барынша назар аударылады. Хабарлардың 60 пайызы қазақ тілінде, 40 пайызы орыс тілінде шығады. Таратқыш қуаты-2000 ВТ. Облыстық телерадиосигналдарын тарату орталығының 152 метрлік телемұнарасына орнатылған.<ref>http://aktobetv.kz/kz/category/channel</ref>

Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Үлгі:Main Батыс Қазақстан облыстық телестудиясы өзінің тұңғыш хабарын 1964 жылы 26 қыркүйекте эфирге шығарды. 1964 жылы 15 тамызда Орал телеарнасының тұсауы кесілмес бұрын облыстық телевизия және радио хабары комитеті құрылып, оның алғашқы төрағасы болып сол кезде Мәскеу жоғары партия мектебін бітірген жергілікті маман Наурыз Сыдықұлы Сыдықов бекітілді. Облыстық телерадио ұжымын ширек ғасырға жуық басқарған ол басқарушылық қабілетімен телестудияның аяғынан қаз тұруына өзіндік үлес қосты. Биыл филиал басшысының бастамасы бойынша Орал қалалық мәслихатының шешімімен телестудия орналасқан көшеге Н.Сыдықовтың есімі берілді.<ref>http://oraltv.kz/kz/category/channel</ref>

Маңғыстау облыстық филиалы

Үлгі:Main 2010 жылдың 15-тамызда көрермен көзайымына айналған «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы 40 жыл толды. Телеарна қала орталығындағы 24 шағын-ауданда орналасқан. Ғимараттың 1-қабатындағы студия маңында тақырыптық бағдарламалар редакциясы, инженерлік бөлім сондай-ақ, хабарландыруларға тапсырыс қабылдау нүктесі және шаруашылық бөлім орналасқан. Ғимараттың екінші қабатында арна әкімшілігі, эфир қызметі бөлімі, жарнамалық және ақпараттық бөлім, ақпараттық редакция, бейнемұрағат, монтаж жасау кабинеттері орналасқан. Арна қызметкерлері ғаламтор желісі жалғанған компьютерлермен қамтамасыз етілген.<ref>http://mangystautv.kz/kz/category/channel/</ref>

Атырау облыстық филиалы

Үлгі:Main «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалының ғимараты Ж.Молдағалиев көшесі 29, Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Бұл үшқабатты, қайта жөндеуден өткен ғимарат.

Бірінші қабатта әкімшілік пен ақпараттық және тақырыптық бағдарламалардың редакциялары орналасқан. Редакцияларда ортақ желiге қосылған жетi кеңсе компьютерлерi бар.Сервер жүйелік әкімші бөлмесінде орналасқан. Әкiмшiлiк корпустың барлық кеңсе компьютерлерi кең жолақты интернет желiсіне қосылған. Мұрағат материалдары видеокасеталарда фонотекада сақталған.

Теледидар хабарларының таратылуы: Атырау қаласында 5 арнамен 17 сағат және Атырау облысы бойынша тәулігіне 1 сағат. Бағдарламалар қамту радиусы ТВ 50 ±7 км.Таралым ТПВ 1000 РТС Атырау қалалық хабарлағыш көмегімен таратылады. Хабар тарату антеннасы 180 метрлік мұнараның 153-і метрінде орналасқан. Облыстық дидардан Атырау қала РТС-на (дыбыс + видео) сигналдың берiлуi ВОЛС бойынша iске асады,Атырау облысы бойынша хабар тарату кезінде сигнал ВОЛС арқылы Алматы қ. СҚТС Кателко АҚ жеткізіледі. Радиохабардың таратылуы: 102 Fm жиілігінде «ELEKTRONIKA» радиоқабылдағышы арқылы таратылады шығыс қуаты 250 Вт, антенна көрші КМК «Атырау-ақпарат» ғимаратының төбесінде орналасқан, биіктігі 30 м. Нақты қабылдау радиусы 10-12 км.<ref>http://atyrautv.kz/kz/category/channel</ref>

Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы

Үлгі:Main Бүгінгі «Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының тарихы әріден бастау алады. 1958 жылы облыстық ұлттық депутаттар кеңесінің шешімімен Петропавлда телемұнараның құрылысы қолға алынды. Әрі техникалық және шығармашылық қызметкерлер үшін ғимарат бой көтере бастады.<ref>http://petropavltv.kz/kz/category/channel</ref>

Қарағанды облыстық филиалы

Үлгі:Main 1958 жылдың 31 тамыз күні Қарағанды телестудиясы Шахтерлер күніне арналған кинобағдарлама арқылы алғаш рет эфирге шықты.

1961 ж. 1 Мамыр күніне арналған еңбекшілердің шеруінен ЖТС жүйесі арқылы алғаш бағдарлама жасалды.

2009 ж. «Қазақстан - Қарағанды» теле арнасының «Сіз бен біз» ток-шоу хабары республикалық телебайқауда үшінші орынды иеленді.

2010ж. Тележурналист Ә. Тойжігітов «Нұр Отан» ХДП-ның «Көзқарас» аталымы бойынша республикалық «Нұр Сұңқар» сыйлығын жеңіп алды.

2010-2011 жылдары «Қазақстан-Қарағанды» теле арнасының 26 өзіндік хабары қазақ және орыс тілдерінде эфирге шығады.Тәулігіне 14 сағат хабар таратады. Мұның 50 пайызы өз өнімдері. Көрермендермен сұрақ-жауап жүргізгенде олардың 94 пайызы «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасына үлкен сенім артты.<ref>http://kartv.kz/kz/category/channel</ref>

Семей қалалық филиалы

Үлгі:Main 1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты. Бұл республикадағы Алматы, Қарағанды, Өскемен телевизиялық студияларынан кейінгі төртінші еді.

Ол қаланың шетіндегі өзен жағалауындағы дөңде, жоғарғы Ертіс өзені кеме басқармасы электр станциясының ескі ғимаратында жабдықталды. Қасынан жаңадан телерадио тарату орталығы салынып, биіктігі 186 метрлік телемұнара бой көтерді.<ref>http://semeytv.kz/kz/category/channel</ref>

Онтүстік Қазақстан облыстық филиалы

Үлгі:Main «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы түрлі-түсті теледидар ретінде 1990 жылы кезіндегі телерадиокомитеттің құрамында құрылды. Алғашқы хабарын 1990 жылғы қараша айының 5-ші жұлдызында 4 камералық ЖТС (жылжымалы телестанция) арқылы тікелей эфирге таратты.

Телекешенге арнайы ғимарат қарастырылмаған. Қазіргі филиал орналасқан шаңырақ 1964 жылы қалалық партия комитеті мен кеңес органдары үшін кеңес үлгісінде салынған көне ғимарат. Қайтадан телекешенге бейімдеп құрылыс жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінде бүгінгі таңда екі студия қарастырылған. Жаңалықтар студиясы, көлемі 55 ш.м. және хабарларға бейімделген үлкен студия, көлемі 120 ш.м. Телекешен заманауи техникалармен жабдықталған. Соңғы үлкен жетістік телеарнаның еншісіне спутниктік қондырғысы бар 4 камералы шағын жылжымалы теледидарлық станция берілді.<ref>http://shymkenttv.kz/kz/category/channel</ref>

Қостанай облыстық филиалы

Үлгі:Main Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады. Ал бұрын 1989 жылы Қаз КСР телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қостанай облыстық теледидарын ашу туралы арнайы шешімі қабылданған. Осыдан кейін қызу дайындық жүргізілді. Телестудияға «Кадр-103» бейнемагнитофондары, «Магнолия-83» ЖТС, АТК, «PANASONIC M-8000» телекамерасы сатып алынып, іске қосылды. Алғашқы сынақ хабарлары «Қазақстан» арнасынан аптасына 2 рет, сейсенбі және жұма күндері 30 минут қазақ және орыс тілдерінде шықты. Ол жаңалықтар мен шағын сұхбаттар еді. Ал тұрақты хабар тарату 1991 жылдан басталып, облыста телевизия дүниеге келді. Қостанай теледидарының тұңғыш іргетасын қалағандардың қатарында сол кездегі телерадиокомпания төрағасы Н.Ислямиев, Б.Нұрмұхамедов, бас инженер В.Асташов, бас редактор Ә.Мадиннің есімін атаған жөн.<ref>http://kostanaytv.kz/kz/category/channel</ref>

«Мәдениет» телеарнасы

Үлгі:Main

Сурет:Logo Madeniet.png
«Мәдениет» телеарнасының логотипі

«Мәдениет» телеарнасыҚазақстандағы мәдени-танымдық бағытта хабар тарататын алғашқы арна. Қазақстандық көрермендерге отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстыратын бұл арна 2011 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазақстан» РТРК» АҚ жанынан ашылып отыр.

Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтау, тілдік ортаны дамыту, рухани құндылықтарды насихаттау, көрерменнің талғамын көтеру және жан-жақты дүниетанымын арттыру бағытында әзірленген отандық және шетелдік үздік телехабарлар мен деректі фильмдерді қалың көпшілік назарына ұсыну басты мақсаты болып табылады. «Мәдениет», «Ретро» және «Тарих» сияқты үш арнаны тоғыстыра отырып, ұлттық мәдениет пен ұлттық құндылықтарды насихаттауды басты назарда ұстайды. Мұрағат бағдарламалары мен шетелдік өнімдердің үздік үлгілерін ұсына отырып, эфир уақытының 30%-ын алып отыратын қазіргі заман талабына сай форматта жасалатын ток-шоу, телевизияға арналған музыкалық және драмалық қойылымдар, деректі және көркем фильмдер, телехикаялар, түрлі жанрдағы арнайы жобаларды әзірлемек. Бұл бағдарламалар көпшілік көрерменнің дүниетанымын кеңейте отырып, мәдениеттің рухани қазынасынан сусындауға, қазақ елінің өнегелік құндылықтарын дәріптеп, соның қадір-қасиетін ұғынып, сақтай білуге мүмкіндік береді. «Мәдениет» телеарнасын спутниктік, кабельдік және Интернет желілерінің пайдаланушылары көре алады.<ref>http://madeniettv.kz/kaz/telekanal/o-telekanale/ Телеарна туралы</ref>

«KAZsport» телеарнасы

Үлгі:Main

«KAZsport» - Қазақстан Республикасының «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі мен кабелдік жүйеде хабар тарататын спорттық телеарна. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Мәдениет және Ақпарат министрлігіне бірлесіп мамандандырылған спорт арнасын ашу туралы тапсырма берген болатын. Қысқа мерзімде тиісті жұмыстар атқарылып, 2013 жылдың 1 шілде күні отандық телеарналар кеңістігінде «KAZsport» спорт телеарнасы өзінің алғашқы хабарларын тарата бастады. Жаңа спорт арнасы «Мәдениет», «Балапан» және 14 аймақтық телеарналар топтасқан «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына енеді. Бұл еліміздің барлық аймақтарынан тікелей эфирде хабар таратуға мүмкіндік береді.

«Балапан» телеарнасы

Үлгі:Main

«Балапан» — қазақстанның бірінші балалар арнасы. Эфир таралымы кабельдік желіден эфирге шығады. Эфир аудиториясы 3-10 жас аралығындағы балалар. Телеарнаның басты ерекшелігі ол қазақ тілінде эфир таратады. «Балапан» телеарнасы «Қазақстан» ҰТА базасында құрылған.<ref>http://balapantv.kz/telekanal/</ref>

  • Таралымы: кабельдік желіден эфирге шығады.
  • Аудиториясы: 3-10 жас аралығындағы балалар
  • Уақыты: сағат 10 00 – 22 00 аралығында
  • Тілі: қазақ тілінде

Телеарна мақсаты

Келешек ұрпақтың тамырына рухани нәр беріп, «интеллект» иесі , білім мен ғылымның шыңына шығар азамат болып ер жетуіне ықпал жасау және дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбек сүйгіш, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.<ref>http://balapantv.kz/telekanal/ «Балапан» телеарнасының мақсаты</ref>

Қазақ радиосы

Үлгі:Main

Қазақ радиосы, республикалық радиохабары – Қазақстан тұрғындарына, ТМД елдерінде және шет елдерде тұратын қазақ тыңдармандарына арналған радио хабары, бұқаралық ақпарат құралдарының негізгілерінің бірі. Қазақ радиосы хабарлары Астана мен Алматыдан берілетін радио хабарынан және облыс орталықтары хабарынан тұрады. Хабарлар ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда жұмыс істейтін радио станциялаы арқылы таратылады. Қазақ радиосы қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, Әзірбайжан, түрік, корей, татар тілдерінде хабар береді. Ол жедел ақпараттан (жаңалықтар, шолулар, репортаждар, т.б.), қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, білім беру, әдеби-драмалық, музыкалық, спорттық және басқа хабарлардан құралады. Ұлттық ақпараттық-музыкалық «Шалқар» бағдарламасы жұмыс істейді.

Республикалық радио хабары 1931 жылы 4 мамырында өлкелік “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” радио газеттерінің алғашқы нөмірлерінің мақалаларын берумен басталды. Оның 60-тан астам қоғамдық-танымдық, жиырмаға жуық музыкалық ойын-сауық бағдарламасы бар (2003).<ref name="ReferenceA"/>

Қазақ радиосының хоры

Қазақ радиосының хоры – музыкалық ұжым. 1932 жылы қазақ радиосының (кейіннен Қазақстан Республикасы Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік к-ті) жанынан Б.Г. Ерзаковичтің басшылығымен әйелдер хоры болып ұйымдастырылған. 1934 жылдан аралас дауысты хор (әйелдер және ерлер даусы) ретінде қайта құрылып, оған Л.Хамиди жетекшілік етті. Композиторлар: Ерзакович, Хамиди, Д.Д. Мацуцин хорға лайықтап өңдеген қазақтың халық әндерін (“Харарау”, “Қарақол”, “Үридай”, “Ақ саусақ”, “Қара торғай”, т.б.) мен Абай әндерін (“Айттым сәлем қалам қас”, “Көзімнің қарасы”, т.б.) орындады. Ерзаковичтің “Айна қыз”, А.Қ.Жұбановтың “Москва”, Хамидидің “Отан”, “Қазақстан”, “Бесжылдықтың ерлері”, М.Ержановтың “Жасасын”, т.б. әндері осы хорға арналып жазылған. Қазақ радиосының хоры 1954 жылға дейін жұмыс істеді.

«Шалқар» радиосы

Үлгі:Main

«Шалқар» радиосы, «Шалқар» ұлттық арнасы — ақпаратты-сазды бағдарлама.

1966 жылы 1 қаңтардан бастап әуе толқынына шықты. Алғашында ақпаратты-сазды болып ашылған бұл арна кейіннен әр түрлі жанрлармен (қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптары, әдеби-музыка шығармаларды насихаттау, тағы басқа) өз бағдарламасын кеңейтті. Бірте-бірте «Шалқар» радиосы республика көлемінде ғана емес, шет ел қазақтарына да шыға бастады.

Алғашқы басшысы — Сәркен Оспанов болды. Радиода әр жылдары белгілі журналистер М.Жантикин, Е.Әбдіғапаров, Т.Рсаев, У.Қыдырханов, Е.Қашқынов, Т.Момбекұлы, Ғ.Игісін, Д.Исабеков, тағы басқа; талантты дикторлар: С.Жақанова, О.Қалмырзаев, Ұ.Бармашқызы, ауылы Еңсебайұлы, тағы басқа жұмыс істеді. «Шалқар» радиосы 1998 — 99 жылы бюджет тапшылығынан өз жұмысын мүлдем тоқтатты. 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласының көлемінде ғана хабар таратты. Қазіргі жағдайда республика бойынша 9 облысқа тарайды. «Шалқар» радиосының басты мақсаты қазақ халқының ұлттық-рухани құндылықтарын жан-жақты насихаттау. Осы мақсатта “Өнерім-Өмірім”, “Атадан қалған асыл сөз”, “Жеті ғасыр жырлайды”, “Алтын тамыр”, “Жайдарман”, “Сағыныш сазы”, “Балауса”, тағы басқа бағдарламалар ашқан.

«Астана» радиосы

Үлгі:Main

«Астана» радиосы – ақпаратты-музыкалық радиостанция. Радионың ең алғашқы эфирге шыққан уақыты – 1999 жылдың 19-шы қаңтары. 101.4 ФМ толқынында эфирге шықты. Эфирдегі жалпы уақыты 19 сағат. Осы уақыттан бастап радио қызметкерлері «Ақ ниетпен әр үйге» деген ұранмен жұмыс істеп келеді және де бұл ұран тыңдармандардың әрқайсысына жақсы таныс.

2003 жылдың 1 ақпанынан бастап «Астана» радиосы өзінің эфирлік форматын жаңартып, заман талабына сай сандық құрылғылармен жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, радио эфирінде жаңа ақпаратты-танымдық, ойын-сауықтық жаңа хабарлар ашылды. Музыкалық форматтың өзгеріп, хабарлар мазмұнының ерекшеленуіне байланысты тыңдармандар аудиториясы да кеңейе түсті. «Астана» радиосы тек қана Астана аумағын қамтитындығына қарамастан, қала қонақтарынан да жақсы лебіздерге толы хаттар келіп жатады.

Сонымен, бүгінгі радиотыңдаушы әндермен қатар мазмұнды хабарларды тыңдап, интерактивті түрде жүргізілетін радиоойындарға да қатыса алады. Радиоойындардың мазмұны әртүрлі. Мәселен, қаланың тыныс-тіршілігіне арналған ойындар, интеллектуалдық ойындар мен тіл ұстарту бағытындағы радиоойындар, шоу-жобалар бар. Хабар жүргізудегі пайыздық көрсеткішке келетін болсақ - 60 пайыз қазақ тілінде, 40 пайыз орыс тілінде. Демек, «Астана» радиосы толықтай «Тіл туралы» Заңның талаптарына сай жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, Қазақ радиосынан келіп тұратын қазақша әндер де радионың ән қоржынын толтырып, жаңа әндердің тыңдармандарға жетуіне үлкен үлес қосып отыр.

Ал астаналық орындаушылар өз шығармашылығымен таныстырып, әндерін бәйгеге қосатын «Жұлдызды Астана» хит-шеруі 2005 жылдан бастап Астана әншілеріне қолдау көрсету мақсатында әндерін тегін ротацияға қойып, өнер дамуына оң әсерін тигізіп келеді десек, қателеспейміз.

2009 жылы 19 қаңтарда «Астана» радиосы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Астанамен қатар өсіп келе жатқан радио үшін бұл белгілі бір межеден өтіп, жаңа мақсаттар қойып, соған жетуге ынталанатын сәт болды. Осы онжылдықты атап өту барысында «Астана қаһармандары» атты хабар эфирге шықты. Бір жыл бойына тыңдармандар Астанаға өз үлестерін қосқан азаматтарды ұсынып, мерейтой қарсаңында жеңімпаздар анықталған болатын.

Мұнда: қоғам, медицина, саясат, жастар, құқық, архитектура және «Астана үміті» секілді номинациялар болды.

Астаналық радионың тарихында көптеген жеңісті сәттер болғанын атпай кете алмаймыз.

Мысалы, 1999 және 2003 жылдардағы ең үздік ақпаратты топтамасы үшін берілген «Алтын Жұлдыз» жүлдесі; 2006 жылы - «Үздік радио» атағы т.б. бар.

«Астана» радиосының аудиториясы қала мен облыс аумағындағы 500 мың халықты қамтиды. Бұл орта есеппен алынған көсеткіш. Сондай-ақ, «Астана» радиосы Қазақ радиосының Республикаға таралатын үш сағаттық эфирлік уақытына, яғни, сағат таңғы 9 бен 10 аралығында, 12 мен 13 және кешкі 21 мен 22 аралығында қосылады. Бұл уақыттарда қоғамдық-танымдық, ақпараттық хабарлар тізбегін дайындайды.

«Classic» радиосы

«Classic» радиосы - Қазақстандағы классикалық музыканың алғашқы радиостанциясы. Бұл «Қазақстан» РТРК» Акционерлік Қоғамы мен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының біріккен медиажобасы. Жоба идеясының авторы - Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жәния Әубәкірова. «Classic» радиосының форматы: түрлі жанрлардағы, ұлттық мектептер мен бағыттардағы классикалық музыка. Радиотыңдаушылардың жас мөлшеріне шек қойылмайды. «Classic» радиосының басты мақсаты - жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау, классикалық музыканың танымалдылығын арттыру, халықтың музыкалық сауаттылығын көтеру. Радиостанция жұмысын 102.8 FM жиілігінде 2011 жылдың 6 мауысымнан бастады. Нақ осы күннен бастап, Алматыдағы классикалық музыканы сүйетіндер аудиториясы музыка өнерінің соны үлгілерімен таныс бола бастады. «Classic» радиосы музыкалық туындыларды берумен ғана шектеліп қалмады, 2012 жылдан бастап эфирден музыкалық-шолу бағдарламалары беріле бастады. Бағдарламаларды әзірлейтін авторлар тыңдармандар аудиториясының барлық талғамдары мен музыкалық қалауларын ескеруге тырысты. Бүгінгі таңда «Classic» радиосынан 9 бағдарлама эфирге шығады: «Киноблюз», «ДжазТайм», «Диалог», «Опера әлемінің інжу-маржандары», «Классикомания», «Музыкальный дневник», «Музыкальная Одиссея», «Грани», «Рецензия». Радиоарнадан күніне 8 рет мәдени жаңалықтар беріледі: онда еліміздегі, алыс және ақын шетелдердегі өнер әлеміндегі ең қызықты оқиғалар қамтылады. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Қазақстан» РТРК» Акционерлік Қоғамының құрамына енген.<ref>http://calssicfm.kz</ref>

Жобалар

Байланыс

  • Бас кеңсе - 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 4;
  • "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы - 010000, Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 4;
  • Қазақ радиосы - 010000, Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 4;
  • Ақпаратты-сараптама бағдарламалар дирекциясы - 010000, Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 4, E-mail: kaztvnews@kaztrk.kz;
  • Интернет редакция - E-mail: info@kaztrk.kz;<ref>http://kaztrk.kz/#sectionContacts</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан Телерадиокорпорациясы