Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет

Сурет:Mktu.jpg
Халықаралық қазақ-түрік университеті
Сурет:Rectorat.jpg
Бас ғимарат
Сурет:ХҚТУ медицина.jpg
Жаратылыстану факультетінің ғимараты
Сурет:Filology.jpg
Медецина факультетінің ғимараты
Сурет:Халықаралық қазақ-түрік.jpg
Қожа Ахмет Ясауи Клиникасы
Сурет:Madeniet.jpg
Мәдениет сарайы
Сурет:Big holl.jpg
Мәдениет сарайының үлкен залы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) – Қазақстан Республикасында тұңғыш ашылған Халықаралық жоғары оқу орны. Сонымен қатар, Түркі тілдес мемлекеттер арасында Халықаралық мәртебеге ие болған жалғыз білім және ғылым ордасы. Университеттің 8 факультетінде 54 бакалавриат, 30 магистратура, 11 докторантура және 3 резидентура бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды. Қазіргі таңда Қазақстан мен Түркиядан және Әлемнің 14 елі мен 33 қауымдастығынан 8500-ге жуық студенттер білім алуда.

Университетің қысқаша тарихы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің негізі білім мен мәдениет ордасы саналатын тарихи көне қала Түркістан қаласында 1991 жылдың 6 маусымында «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Түркістан Мемлекеттік университеті» болып қаланған. 1992 жылы 31 қазанда Түркия және Қазақстан Республикаларының Үкіметтері арасында қол қойылған келісім негізінде «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ–түрік университеті» деген атаумен Түркия және Қазақстан Республикаларының ортақ халықаралық мемлекетаралық университетіне айналды. 1993 жылы 30 маусымда Алматыда қол қойылған Ынтымақтастық келісім мен қосымша жарғыға сәйкес университеттің басқару қызметі Үкіметаралық Өкілетті Кеңестің құзыретіне беріліп, 1994-1995 оқу жылынан бастап жаңа атаумен студенттер қабылдана бастады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жоғары білім беру саласында үкіметаралық және трансшекаралық ынтымақтастықтың туын желбіретіп, құрылуы туралы келісімге және халықаралық заң шеңберінде өз жұмысын жалғастырып келе жатқан дербес жоғары оқу орны болып табылады. 2008 жылғы Өкілетті Кеңес құрамындағы өзгерістерден кейін, 2009 жылы 22 қазанда ҚР Үкіметі мен ТР Үкіметі арасында екіжақты қол қойылып, екі елдің Парламентінде бекітілген соң, 28 наурыз 2012 жылы күшіне енген «Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызметінің шарттары туралы» келісім негізінде университеттің дербес әрі халықаралық мәртебесі екі ел үкіметінде бекітілді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жарғысы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметімен 1993 жылдың 30 маусымында бекітілді және 2012 жылы қайтадан жаңартылып бекітілді. 2010 жылы Болон Декларациясының негізі болып табылатын университеттердің Ұлы Хартиясының мүшесі болды. 2012 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметтері арасындағы «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызмет шарттары» туралы келісімі бекітілді. 2014 жылы Мемлекеттік аккредациядан 30 мамандық толығымен Қазақстанда танылатын Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі Қазақстандық тәуелсіз агенттігінің аккредациясынан өтті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – Қазақстан мен Түркия Республикаларының халықаралық дәрежеге ие ортақ мемлекеттік университет. Университет халықаралық мемлекетаралық трансшекаралық жоғары білім беру жүйесіндегі ынтымақтастықтың көрінісі болып табылады. Қазіргі таңда әлемде мемлекетаралық дәрежеге ие университеттер саны санаулы ғана. Трансшекаралық жоғары білім беру жүйесі, негізінен жекеменшік жоғары оқу орындары тарапынан жүргізілуде. Жекеменшік мекемелер тарапынан ашылған халықаралық жоғары оқу орындары орналасқан елдердің ұлттық заңнамалары аясында білім беретін болса, ал, мемлекеттердің екі жақты өзара келісімдері бойынша ашылған «мемлекетаралық университеттер» халықаралық құқық пен арнайы келісім шеңберінде қызмет атқаратын дербес мекеме болып табылады. Университет халықаралық келісімге сәйкес Түркия және Қазақстан Үкіметтері тарапынан жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер арасынан тағайындалған 10 (он) мүшеден құрылған Өкілетті Кеңес тарапынан басқарылады. Кеңес мүшелерінің 1 (біреуі) Түркия Республикасының Президенті тарапынан Өкілетті Кеңес Төрағасы болып, ал 1 (біреуі) Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан Өкілетті Кеңес төрағасының орынбасары болып тағайындалады. (http://iktu.kz/index.php/universitet-turaly)

Университет туралы

Білім беру жүйесі. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім беру жүйесі қазақ, түрік, ағылшын, орыс тілдерінде жүргізіледі. Бүгінде университетте 2014-2015 оқу жылына 850 оқытушы-профессор (оның ішінде 80 ғылым докторы, 25 PhD, 260 ғылым кандидаты) жұмыс істейді. Сонымен қатар, Foundation жүйесінің деңгейінде түрік және ағылшын тілдері оқытылады. 2015-2016 оқу жылында 500-ге жуық білім алушы 1-2 семестрге Түркиялық жоғары оқу орындарында университет есебінен тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады. Серіктес университеттерден 100-ге жуық ОПҚ құрамы тәжірибе алмасуға серіктес университетке жіберіледі. ТР және өзге де түркі тілдес мемлекеттер мен туыстас қауымдастықтардан келген студенттер 1 жыл Дайындық, тіл үйрету орталығында түрік және қазақ тілдерін, ал, қазақ, түрік тілдерін білетін студенттер орыс, ағылшын тілдерін үйренеді. Олардың жалпы саны – 350. Кітапхана қызметі XXI ғасыр талаптарына толық жауап береді. Халықаралық деңгейде танылатын озық тәжірибелерді жұмыс барысында пайдалануға негізделген. (http://iktu.kz/index.php/o-u-derisi)

Академиялық ұтқырлық. Маман даярлау бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарымен 41 екі жақты ынтымақтастық келісім жасалған. Түркияның алдыңғы қатарлы университеттерімен Мәулана академиялық ауысу Халықаралық бағдарламасы аясында университет білім алушылары бір академиялық қезеңге және оқытушы-профессорлар құрамы 2-4 аптаға Түркияға және Түркиялық университеттерден ХҚТУ-ға жіберілуде. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ» бағдарламасы негізінде оқытушы-профессорлар мен студенттер грант иегерлері атанып, Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Швейцарияның, Ресейдің жоғарғы орындарында біліктілігін жетілдіруде. Халықаралық бағдарлама шеңберінде жыл сайын бір ай көлемінде клиника қызметкерлері мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің медицина факультетінің студенттері, магистранттар мен PhD докторанттарға мастер-класстар өткізіліп тұрады. Түркиялық университеттермен білім беру бағдарламасы, оқыту методикасы, бағалау технологиясы, білім алушылар және профессорлар алмасу бағдарламасы және т.б келісімдерге қол қойылды. Университетте АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей және Түркияның алдыңғы қатарлы университеттерінің профессорлары студенттерге дәріс берді. Университет Жарғысына сәйкес оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін жетілдіру мақсатында Түркияның алдыңғы қатарлы университеттерімен екі жақты ынтымақтастық келісім жасалды. (http://iktu.kz/index.php/talapkerge/140-talapkerge/935-khaly-araly-bajlanystar)

Аккредация, және сапаны қамтамасыз ету. Аккредитация, рейтинг және сапа басқармасында 3 сектор құрылған: Аккредитация секторы, СМЖ секторы, Рейтинг секторы. Сонымен қатар, Стратегиялық Жоспардың көрсеткіштері барлық бөлім, ұжым үшін қатыстылығын сезіндіруде, сапа менеджменті жүйесінің жұмыстарын ұйымдастыруда құрылымның белсенділігі де күрт артты. Осыған орай, білім беру үдерісін қайтадан құру (жаңарту) жолдары және Болон процесіне сәйкестендіру жұмыстары жалғасуда. Стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2013 жылы 4 мамырда университет институционалдық аккредитациядан (тіркеу №0014) өтті. Ал, 2014 жылы 30 мамандық білім сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз ұлттық агенттіктен акккредиттеуден өтті. 2015 жылы бұл бағыт бойынша 50 білім беру бағдарламаларын Ұлттық агенттіктен аккредиттеуге дайындық жүргізілуде. Салыстырмалы рейтингтік бағалау тәуелсіз ұйымдар тарапынан жасалады. Университетте рейтингке қатысты төрт бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде: Университеттің Ұлттық институционалдық рейтингке қатысуын ұйымдастыру; Білім беру бағдарламалары бойынша рейтингке қатысуды ұйымдастыру; ТМД елдеріндегі жоғарғы оқу орындарының рейтингіне қатысуды ұйымдастыру; Университеттің әлемдік QS рейтингіне енуін қамтамасыз ету. Университеттің әлемдік QS рейтингіне енуін ұйымдастыру мақсатында әлемдік QS Ltd. агенттігімен 3 жылға келісім-шарт жасалынды. Агенттікке тиісті көрсеткіштер бойынша мәліметтер жіберіліп, олар QS World University Rankings агентігінің платформасындағы университетке арнап берілген бетке енгізілді. «Эксперт РА» рейтингтік агенттігінің ұйымдастыруымен өткен ТМД елдеріндегі 153 университеттер енген рейтингіне қатысып, үздік университеттер қатарына енді. Республиканың көпсалалы 19 жоғарғы оқу орындары арасында университетіміз өткен жылы 364 ұпаймен 10-шы орынға шыққан болатын. Қазіргі уақытта бұл бағыт бойынша барлық құрылымдардың сапалық көрсеткіштерін арттыру арқылы рейтингтік көрсеткішті 5-6 орындарға жеткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. “Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы” ұйымдастырған рейтингіге оқу орнымыздың 42 мамандық көрсеткіштері қатыстырылды. Университеттің білім беру бағдарламалары бұл рейтинг бойынша жоғарғы орындарды иеленіп, 8 мамандық республика бойынша алғашқы үштікке енді.

Ғылым. Университетте 6 ғылыми зерттеу институттары жұмыс істейді: Түркология, Экология, Археология, Жаратылыстану, Медицина, Еуразия. Университет аясында 3 ғылыми, 2 қоғамдық-танымдық және ақпараттық журналдар шығады. Олар: «Вilig» Халықаралық ғылыми журналы, «Түркология»Халықаралық ғылыми журналы, «Университет хабаршысы» ғылыми журналы, «Ayhaber» және «Jelmaya» – қоғамдық-танымдық журналы. Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан жылына 4 рет шығарылатын Bilig (Түркі дүниесі әлеуметтік ғылымдар) журналы 2008 жылдан бастап SSCI тарапынан индекстеле бастады. Сондай-ақ, университетте «Жас ғалымдар кеңесі» жұмыс істейді. (http://iktu.kz/index.php/ylym)

Инфрақұрылым. ҚР тарапынан тұрғызылған ауданы 12.900 m2 ректорат ғимараты 2010 жылы қолданысқа берілсе, ТР тарапынан салынған ауданы 12.800 m2 клиника ғимараты 2008 жылы ашылды. Ал, соңғы салынған ғимараттарға келер болсақ, ҚР тарапынан салынған 500 орындық 2 студенттік жатақхана 2012 жылы, 1850 студентке арналған 1 оқу ғимараты 2011 жылы, ал, ТР тарапынан салынған ауданы 7000 m2 кітапхана құрылысы 2014 жылы аяқталды. Сондай-ақ, кітапхананың техникалық базасын дамыту мақсатында ТР тарапынан салынатын жалпы ауданы 7000 m2 кітапхананың негізі 24/05/2010 жылы қаланып, құрылыс жұмыстары 2014 жылдың соңында аяқталды.

Университет қалашығында орналасқан ғимараттардың жалпы ауданы 168 624,02 m2 құрап отыр. 1995-2008 жылдары университет қалашығы аумағында салынған ғимараттардың жалпы ауданы 56.881 m2 құраса, бұл көрсеткіш 2008-2014 жылдар бойынша 67.454 m2 құрап отыр.

Сонымен қатар, ҚР тарапынан салынып жатқан сыйымдылығы 2500 студентке арналған оқу ғимараты мен 500 төсек орны бар студенттік жатақхана 2014 жылы аяқталды.

Ботаникалық бақ. Университет кампусын көгалдандыру жұмыстары аясында 1994 жылы жалпы көлемі 100 гектарлық ботаникалық бақ ашылды. Қазіргі таңда бақта 127 түрлі 50.000 ағаш бар. 2011-2012 оқу жылында әр түрлі 16.000 дана тал егіліп, бақ ішіне жеміс ағаштары отырғызылып, жүзім бауы және 12 түрлі раушан гүлі егілген гүлзар жасалды. 2011-2012 оқу жылынан бастап университет Ахмет Ясауи колледжі мен биология мамандығының студенттеріне ботаникалық бақта практикалық сабақтар оқытыла бастады. 2012 жылы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің қолдауымен ботаникалық бақта аумағы 200 m2 жылыжай ашылды. 2013 жылы жаңадан дайындалған жоба шеңберінде университетті көгалдандыру жұмыстары жасалып, студенттік жатақханалар мен оқу ғимараттарының маңайына ағаштар отырғызылып, шым төселді. Клиникалық диагностикалық орталықтың ауласы жаңа отырғызылған ағаштармен жаңаша көрініске ие болды. Оқу ғимараттары орналасқан жерлерге шым төселіп, фонтан орнатылды. Коттедждердегі балалар алаңында балалар ойын паркі ашылды.

Спорттық кешендер. Университет қалашығы ішінде студенттерге арналған спорт залдар, футбол алаңы, теннис корттары, ашық волейбол және баскетбол алаңдары қызмет беруде. Бұл алаңдардың жалпы ауданы 31.946 m 2 құрайды. 2014 жылы алаңдар жалпы жөндеуден өткен. 2013 жылы студенттерге арналған жабық жүзу бассейні өз қызметін бастады. Аталған спорттық кешендерден бөлек, 2014 жылы қажетті жобалау жұмыстары бітісімен, сыйымдылығы 500-700 орындық трибуналы киім ауыстыру бөлмелері және жүгіруге арналған жолдары бар стандартты көлемдегі жасанды шөп төселген футбол алаңының іргетасы қаланды.

Әлеуметтік нысандар: Жатақхана, қонақ үй, асхана және коттедж. Университет қалашығында 4, қала орталығында 3 және Кентау қаласында 1, жалпы саны 7 студенттік жатақхана студенттерімізге өте тиімді бағада қызмет көрсетуде. 2013 жылы 550 орындық студенттік жатақхана қолданысқа беріліп, жатақханалардағы жалпы орын саны 2.500-ге жетіп отыр. Кентау қаласындағы жатақхананың күрделі жөндеу жұмыстары 2014 жылы аяқталған соң, Дайындық бөлімінің қолданысына берілді. Түркістандағы ерлер және қыздар жатақханаларын күрделі жөндеуден өткізу үшін 2015 жылдың бюджетінен қажетті қаражат бөлінеді. Ерлер және қыздар жатақханалары екі, төрт және алты орындық бөлмелерден тұрады. Университетімізде бір мезгілде 400 кісі тамақтана алатын және күніне 1.500 кісіге қызмет көрсете алатын студенттік асхана қызмет көрсетуде. Университет қалашығында студенттік жатақханалардан бөлек 43 отбасыға арналған «Тұран» қонақ үйі орналасқан. Бұл қонақүй Түркия мен басқа да түркі елдерінен келген және қазақстандық әкімшілік–шаруашылық басқару қызметкерлері мен оқытушы– профессорларына арналған. Университетте қызмет ететін оқытушыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында университет қалашығында Түркия Республикасы тарапынан 80 коттедж салынып, 2000 жылы қолданысқа берілді. Қолданыстағы 80 коттедждің санын арттыру үшін 2014 жылы қосымша тағы да 48 коттедж салуға қатысты шешім қабылданды. 24 коттеджден тұратын құрылыс 2015 жылы аяқталады.

Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасы. Оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту мақсатында 2014 жылы тұңғыш рет I Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиадаға Қазақстанның 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан мектеп бітіруші түлектер қатысты. Олимпиаданың I кезеңі Қазақстанның 14 облысының орталығында өткен болатын. 11 пән бойынша 4500-ге жуық талапкерлер бағын сынады. Қорытындысында 33 оқушы жеңімпаз атанып, оларға бағалы сыйлықтардан бөлек, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің гранты негізінде білім алу үшін арнайы сертификаттар берілді. Аталмыш сертификаттар жоғары көрсеткіштерге ие болған қазақ-түрік лицейлерінен келген 6 оқушыға да берілді. Ал, 2015 жылы өткен ІІ Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасында 33 оқушы оқу грантын жеңіп алды. Олимпиаданың I кезеңі Қазақстанның 14 облысының орталығында, қорытынды кезеңі университет базасында өтті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтардан бөлек, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алу үшін Түркия Республикасы тарапынан оқу гранттары және арнайы сертификаттар мен дипломдар берілді. Дарынды оқушылардың тегін білім алуына үлкен мүмкіндік беретін Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасы келесі оқу жылында Халықаралық деңгейде ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Дарынды оқушыларды қолдау. Дарынды оқушыларды қолдау үшін қажетті жағдай жасау, ғылым мен білімді кеңінен насихаттау мақсатында 2015 жылдың наурыз айында ҚР Білім және Ғылым министрлігінің және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қолдауымен Атырау, Орал, Түркістан қалаларында Республикалық Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар мен «Ақберен» шығармашылық байқауы өткізілді. Ұйымдастырған – Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы. Олимпиадаларға Қазақстанның 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан мектеп бітіруші түлектер қатысты. Жеңімпаз атанған 51 оқушыға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алу үшін Түркия Республикасы тарапынан оқу гранттары және арнайы сертификаттар берілді. Жыл сайын жаңа оқу жылында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Түркия Республикасы тарапынан 500 грант орындары бөлінеді. Қазақстан Республикасы бойынша ҰБТ мен кешенді тестке қатысып жоғары ұпай жинап, Қазақстан грантына түсе алмаған талапкерлерге орын бөлінеді. Бұл орындарға министрліктің тізімі бойынша Қазақстанның барлық облысынан оқуға қабылданады. «Алтын белгі» иегерлері мен қазақ-түрік лицейін бітірушілерге, Халықаралық және республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлеріне, әлем, азия, Республика деңгейлерінде жүлдегер атанған спорт саңлақтарына беріледі. Әке-шешесі қайтыс болған тұл жетім және мүгедек талапкерлер де арнайы бөлінген орындардан қалған гранттық орындарды иелене алады. Сондай-ақ, қалған орындар конкурсқа құжат тапсырған талапкерлерге беріледі. Конкурс министрліктің жүйесімен бейіндік пәніне сәйкес таңдаған мамандық бойынша жүргізіледі. (http://iktu.kz/index.php/talapkerge/140-talapkerge/949-leumettik-oldaular)

Таныту шаралары. 2013 жылы университетті жарнамалау мақсатында негізінен Қазақстанда және Түркия, Әзірбайжан, Косово секілді елдерде ұлттық және халықаралық білім көрмелеріне қатысып, стендтер мен көрмелер ұйымдастырылды. Қазақстанда ұйымдастырылған көрмелерде Арнайы мамандандыру орталығының мамандары құрастырған күн энергиясымен жүретін машина мен шатыр көпшіліктің назарын аудартты. Кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2014 жылы қараша айында Тайваньда өткен Халықаралық QS10 TH APPLE көрмесіне, сондай-ақ, Астана қаласында өткен Халықаралық «ХХI ғасырдағы білім мен ғылым – 2014» көрмесіне қатысты. Аталмыш көрмелерге Әлемнің 100-ден аса жоғары оқу орындары қатысты. Сонымен қатар, университеттің позитивтік бейнесін арттыруға бағытталған іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің, қазақ-түрік лицейлерінің, сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептің оқушыларына «Ашық есік» күндері өткізіледі. Іс-шаралар барысында мектеп бітірушілер университетке оқуға қабылдау ережесімен және жеңілдіктер беру тәртібімен танысады. Сондай-ақ, университетті танытуға байланысты видео ролик, кітапшалар, брошюралар (қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерінде) дайындалып, ұйымдарға және мектеп бітіруші жастағы жастарға көптеп таратылды. (http://iktu.kz/index.php/talapkerge)

Факультеттер атауы

Жаратылыстану http://nat.iktu.kz/ 2007-2008 жылы негізі қаланған. 2007-2008ж.ж. – доктор Хусейн Челеби, 2008-2013ж.ж. –ф.м.ғд., профессор Жұмабаев Мықтыбек Жандарбекұлы, 2013-2014ж.ж.-б.ғ.к., Бостанова Ардақ Мұратқызы басқарды. Қазіргі таңда факультет деканы, техника ғылымдарының докторы –Ажиханов Нұрлан Тобаханұлы. Жаратылыстану факультеті құрамында университетіміздің іргелі 4 кафедрасы жұмыс істейді. Факультетте 76 профессор-оқытушы дәріс береді. Олардың ішінде 12 ғылым докторы, 1 Phd докторы, 42 ғылым кандидаттары, 7 аға оқытушы, 14 оқытушы бар. 2014-2015 оқу жылында Факультетте күндізгі оқу түрі бойынша – 598студент, сырттай және қашықтықтан оқыту түрі бойынша – 75 студент, 51 магистрант, 14 докторант білім алуда. Оның ішінде ҚР гранты -113, ҚР грант(ТТЕ)-24, квота-71, келісім-шарт- 343 студенттер оқиды.

Әлеуметтік ғылымдар http://econ.iktu.kz/' 1991 жылы негізі қаланған факультеттердің бірі. Факультетте Түркия мемлекеті және жақын шет елдерден келген 10-нан астам шет елдік мамандар жұмыс істейді. Факультетте «Экономика», «Менеджмент және туризм», «Қаржы және бухгалтерлік есеп», «Халықаралық қатынастар», «Құқық» және «Қоғамдық ғылымдар» кафедралары жұмыс істейді. Факультеттің оқытушы-профессорлары жаңа заман талабына сай мамандар даярлап, халықаралық деңгейдегі білім беру үшін педагогикалық инновациялық технологияларды қолданып, аянбай еңбек етуде. Әлеуметтік ғылымдар факультетінде 113 профессор- оқытушылар құрамы қызмет атқарады. Оның ішінде 3 ғылым докторлары, профессор, 13 Рh.D. доктор, 38 ғылым кандидаты, аға оқытушы, 12 аға оқытушы, 47 магистр оқытушылар және оқытушылар қызмет көрсетеді. Сонымен қатар 6 лаборант, 1 әдіскер, 1 хатшы, 2 кабинет меңгерушісі жұмыс жасайды. Факультетте Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Кипр, Татарстан т.б. факультеттен келген студенттер оқиды. Студенттердің сапалы білім алуына жан-жақты жағдайлар жасалынған. Интернет жүйесіне қосылған компьютерлермен жасақталған аудиториялары, өз алдына жатақханасы, дәмді тағамдар ұсынатын асханасы, жылы әрі пайдалануға қолайлы кітапханасы, түрлі шаралар мен сайыстар жүргізетін спорт және мәжіліс залдары орын тепкен. Сондай-ақ факультетте «1-С Бухгалтерия » программасымен жұмыс жасайтын кабинет, криминология кабинеті жабдықталған. Факультет деканы –экономика ғылымдарының докторы, профессор Серік Сәдуақасұлы Ыдырыс.

Гуманитарлық ғылымдар http://his.iktu.kz/ Гуманитарлық ғылымдар факультеті 1991 жылы тарих-филология атауымен өз жұмысын бастаған. 1991-1998 ж.ж – т.ғ.д., профессор Сейтқали Мадуанов, 1998-2000 ж.ж – ф.ғ.д., доцент Хусейн Север, 2000-2002 ж.ж – т.ғ.д., профессор Ахмет Ташағылы, 2002-2004 ж.ж –доктор, профессор Шафаеттин Севержан, 2005-2014 ж.ж – т.ғ.к, профессор Көпжасар Жетібаев басқарған. Қазіргі таңда факультет деканы – Төлегенов Еділ Мейірбекұлы. Студенттерге білікті оқытушы-профессорлар дәріс жүргізеді. Оның ішінде 13 ғылым докторы, 35 ғылым кандидаты, 9 PhD докторы, 15 аға оқытушы, 16 оқытушы бар. Студентттер іс-тәжірибеден өту базаларында өздерінің алған білімдерін жақсы көрсетуінің нәтижесінде көптеген студенттеріміз арнайы шақыртуымен жұмысқа қабылданады. Дінтану және теология мамандықтарының түлектері қазіргі таңда жүз пайыз жұмысқа орналасып, еліміздің барлық аймақтарында мемлекеттік дін істері мекемелері мен жергілікті атқарушы билік бөлімдерінде қызмет етуде. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының түлектері қазіргі таңда сұранысқа ие болып отыр. Тарих мамандығының түлектері еліміздің және шетелдік білім салаларында қызмет атқаруда. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі және педагогика және психология мамандықтарының түлектері жалпы білім беретін оқу ордаларында қызмет етіп, жақсы жетістіктерге қол жеткізуде.

Медицина http://med.iktu.kz/ Медицина факультеті 1991 жылы құрамында екі кафедра болып Кентау қаласында ашылған. Қазіргі таңда факультетте 2533 студент оқиды. Оқу үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Факультет деканы, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент – Жүнісов Мұрат Сағыналиұлы. Студенттер тәжірибелік дағдыларды нығайту мақсатында оқу-клиникалық орталығында муляждармен жұмыс жасайды. ON-LINE режимде шет елдік белгілі ғалымдардың дәрістерін тікелей тыңдайды. Медицина салалары бойынша клиника-диагностикалық орталығында жоғары дәрежедегі оталарды көріп, мастер-кластарға қатысады. Академиялық ұтқырлық аясында Қазақстан және Түркия мемлекетіндегі кез келген клиникаларда оқу-тәжірибеден өтуге мүмкіндіктер бар. 1, 2 семестр бойы Түркия мемлекетіндегі медицина білім беру орындарында оқуға мүмкіндіктері де бар. Үздік оқыған студенттердің Түркия мемлекеті тарапынан бөлінген квота мен грант орындарына ашық конкурс нәтижесінде ие болуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, халықаралық стандарттарға сай студенттерді құзыреттіліктер бойынша жан-жақты дамуын көрсететін электрондық портфолио бар.

Филология http://phil.iktu.kz/ 1991 жылы ашылған. Алғашқы жылдары басқарған декан-профессорлар: Ж.Истаев, С.Мадуанов, К.Атик, А.Абуов, К.Коч, Қ.Қадашева,Р.Б.Таукебаева. Қазіргі таңда факультет деканы – ф.ғ.к., доцент Н.Қ.Айтбаева.

Өнер http://sp.iktu.kz/ 2001-2003 оқу жылындарында факультет деканы қызметін п.ғ.д., профессор Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлы атқарды. 2003-2008 п.ғ.д., профессор Мұхамеджанов Бақытжан Қалжанұлы, 2008-2010 жж. филос.ғ.к., ХҚТУ профессоры Баетов Көпжасар Дүрменұлы, 2010-2012 оқу жылы аралығында факультет деканы қызметін филол.ғ.к., доцент м.а. Бейсембаева Салтанат Байғазықызы атқарды. 2012-2013 жаңа оқу жылынан бастап факультет деканы қызметінде пед.ғ.к., доцент Абусейтов Бегахмет Зайнидинұлы. Факультет құрамында 4 кафедра, 11 мамандық бойынша мамандар дайындап, қазіргі таңдағы заманауи талаптарға сай, дәрістер жүргізілуде. Кафедралар соңғы үлгідегі оқу көрнекі құралдарымен және спорттық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Оларға мамандыққа сәйкес көптеген аудиториялар, спорт залдар, интерактивті сыныптар, қалашықтар, сахналар, стадиондар, алаңдар, лобараториялық кабиниеттер, кітапхана т.б. қызмет атқаруда. Қазіргі уақытта факульттің күндізгі бөлімінде 492, сыртқы бөлімінде 169 студенттер мен магистранттар білім алады. Мамандар дайындауда 5 ғылым докторы, профессор 15 ғылым кандидаты, доцент, 4 ғылым кандидаты, аға оқытушы, 2 ҚР халық әртісі, ЖАК профессоры, 2 ХҚТУ профессоры, 5 ЖАК доценті, 4 ҚР халық әртісі, 5 ҚР Мәдениет қайраткері, 6 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, 13 аға оқытушы, 16 магистр-оқытушы, 14 оқытушы қызмет атқарады.

Инженерия http://if.iktu.kz/ 2002 жылы негізі қаланған. 2002-2003 оқу жылында факультет деканының қызметін ф.-м.ғ.к., доцент А.М.Марасулов атқарды. 2003-2004 оқу жылынан бастап, факультет деканы қызметіне техн.ғ.к., доцент Б.Хусаин тағайындалды. 2004-2005 оқу жылының желтоқсан айынан бастап факультет деканы қызметіне ф.-м.ғ.к., доцент А.М. Марасулов тағайындалды. 2005-2006 оқу жылынан бастап, факультет деканы қызметіне ф.-м.ғ.к., доцент С.М.Кеңесбаев тағайындалды. 2006-2007 оқу жылынан бастап, факультет деканы қызметіне техн.ғ.к., доцент Әбдімұхан Сейілханұлы Төлеп мырза тағайындалды. Қазіргі уақытқа дейін Ә.С.Төлеп мырза өз қызметін жалғастырып келеді. Факультетте күндізгі оқу түрі бойынша – 346 студент, сырттай және қашықтықтан оқыту түрі бойынша – 55 студент, 28 магистрант білім алуда. Оның ішінде ҚР гранты -77, ҚР грант (ТТЕ)-41, квота-28, келісім-шарт негізі бойынша 183 студент оқиды. Студенттерге білікті оқытушы-профессорлар дәріс жүргізеді. Оның ішінде 4 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты, 11 аға оқытушы, 22 оқытушы бар.

Дайындық http://fd.iktu.kz/ Дайындық, тіл үйрету орталығы 1997 жылы ашылды. 1997-1999 ж.ж. – п.ғ.к., профессор С.Бабаев; 1999-2001 ж.ж. – Джемал Шафак, 2001-2005 ж.ж. – п.ғ.д., профессор Қ.Қадашева, 2006-2007 ж.ж. – т.ғ.к., доцент Н.Имашова, 2007-2008 ж.ж – п.ғ.к., профессор Б.Сыдықов, ф.ғ.к., доцент Н.Қ.Айтбаева, 2008-2010 ж.ж. – ф.ғ.к., доцент А.Байниязов, 2010-2013 ж.ж. – ф.ғ.к., доцент Н.Қ.Айтбаева, 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап орталық директоры – PhD докторы, доцент м.а. Тургай Динчай. Орталықта 20 түркі тілдес мемлекет мен туыстас қауымдастықтан келген 205 тыңдаушы мен Түркия гранты негізінде білім алатын «Тіл білімін жетілдіру курсының» 350 студент білім алуда. Студенттер мен тыңдаушыларға білікті оқытушы-профессорлар дәріс береді. Оның ішінде – 3 ғылым кандидаты, 2 аға оқытушы, 43 оқытушы (оның ішінде 16 Түркиялық оқытушы) бар.

Университет басқарған басшылары

  • 1991 – 2001 – Жұрынов Мұрат Жұрынұлы
  • 2001 – 2003 – Сәбден Оразалы
  • 2003 – 2007 – Пірәлиев Серік Жайлауұлы
  • 2008 – 2013 – Тәшімов Лесбек Тәшімұлы
  • 2013 жылдың мамыр айынан бастап – Әбдібеков Уәлихан Сейділдәұлы

Үздік түлектер

  • Досай Кенжетай – философия және теология ғылымдарының докторы, Халықаралық "Рухани Мұра" қорының президенті, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің дінтану кафедрасы меңгерушісі
  • Эльвира Азимова – ҚР Әділет министрінің орынбасары
  • Азамат Ибадуллаев – ҚР Ипотекалық компаниясының басқарма төрағасы
  • Рамазан Әлімқұлов – «Қаржы орталығы» АҚ директоры
  • Бекарыс ШойбековАйтыскер ақын, Халықаралық байқаулардың жеңімпазы
  • Алтай Көлгінов – Орал қаласының әкімі
  • Бекзат Саттарханов – Сидней Олимпиадасының чемпионы
  • Ербол Шаланов – «HEMEN KazTrade Group» компаниясының директоры және Қазақ-Венгер біріккен кәсіпорынының атқарушы директоры
  • Нұртаза Көкенов – "Kazmedia Holding" ЖШС-нің бас директоры. Евразия-Консалтинг саласындағы құқықтық кеңес беру орталығы ЖШС директоры
  • Еркін Жақыпов – «SavojaKazakhstan» Қазақстан – Литва бірлескен кәсіпорнының директоры
  • Мақсат Қожамбек – ҚР Жас кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы
  • Мақсатхан Сержанов – "Bastau investment kz" ЖШС бас директоры
  • Алтынай Жорабаева – әнші, Халықаралық байқаулардың жеңімпазы
  • Ғани Жапишев – «Хабар» агенттігінің жаңалықтар жүргізушісі
  • Лаура Серікжанқызы – «GLM-Group» ЖШС-нің директоры
  • Айнұр Әбдірәсілқызы – ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры
  • Мұхтархан Ділдәбеков – боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1997), аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әуесқой бокстан әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері
  • Ақжүрек Таңатаров – спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктердің жеңімпазы * Азамат Шахаров – «Rixos President Astana» қонақүйінің бас менеджері
  • Біржан Жақыпов – Бокстан Әлем чемпионы * Сәбит Реметов – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аппаратында бас эксперт * Асқар Дүйсенбі – ақын, Республикалық жыр мүшайраларының жеңімпазы * Серік Сейітман – Республикалық «Қазақстан» РТРК, Шалқар радиосының бас редакторы, ақын, Халықаралық жыр мүшайраларының жеңімпазы
  • Ержан Нұрымбет – Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі, Қазақстан киномотаграфистер Одағының мүшесі, Мемлекеттік стипендияның иегері * Ұларбек Дәлейұлы – ақын, Халықаралық жыр мүшәйраларының жеңімпазы)
  • Болат Нұғманов – Татарстан Ғылым Академиясы Сыртқы байланыс секторының меңгерушісі * Рахымжан Асанғазиев – Қазақстандағы Дүниежүзілік Банкінің бағдарламалары мен жобаларының үйлестірушісі * Олжас Құдайбергенов – ҚР Ұлттық банк басшысының кеңесшісі

Серіктес университеттер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Халықаралық қазақ-түрік университеті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}