Гидротермалық-шөгінді (стратиформтық ) кенорындар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаралу жағдайлары

Бұл топқа жаралуы гидротермалың-шөгінді болуы ықтимал кенорындар жатады, біраң олар стратиформдық (қабаттың жатые пішіні бойынша) терминімен генезисінің тольщ анықталмағандығы салдарынан аталған. Қарастырылып отырған кенорындардың жаралуына қатысты бірнеше гипотеза бар. Кейбір геологтар бұл кенорындарды бастапқы-шөгінді сингенезистік, бірақ кейінгі кездері біршама өзгерістерге ұшыраған деп санайды. Сонымен қатар, академик Қ.И.Сәтбаев кенорындардың қалыптасауы гидротермалық эпигенезистік, олар әрозиямен ашылмаған тереңдегі интрузиялық тау жынысытар массивімен байланысты деген пікір айтады. бұл кенорындардың жаралуы полигендік; олар ұзақ уақыт ағымында қалыптасқан деген гипотеза кең таралған. Гипотезаның туындауына кенорындардың шөгінді қатқабаттар дамыған аудандарда орналасып, бұл жерде гидротермалық минералды ерітінділердің көзі болатын интрузиялық массивтердің болмауы ықпал еткен. Бұл гипотезаның негізінде көптеген стратиформдық кен-орындардың ұзақ дамығандығы туралы деректер, олардың сингенезистік шөгінді де, әпигенездік жаралымдар сипатының да болуы орналасңан. Кенорындардың қалыптасуы сингенезистік вулканогендік-шөгінді кен Жиналудан басталып, диагенез сатысына өтеді деп жорамалданады. Осыдан кейін, жатындар өздері қалыптасқаннан кейінгі жас жаралымдармен жабылған соң, кен-жаралу жерасты ыстық минералды судың әрекетіне байланысты жалғасқан. Осы судың ыңпалынан минералдың массалар ңайта топталып, әпигенездік кендену жүрген.

Кенорындардың типтері

Стратиформдық кенорындар класында мынадай типтер бөлінеді: құмтас пен тақтатас қабаттарындағы борнит-халькопирит (мыс кендері); карбонат тау жынысытардағы галенит-сфалерит (қорғасын-мырыш); киноварь-антимонид (сүме-сынап) кенорындары. Мысты құмтас пен тақтатастың борнит-халькоприт стратиформдық кенорындары ырғақты қабаттасқан құмтас, тақтатас және доломиттерден тұратын, құрамында органикалық көміртек бар қатқабаттарга толған депрессияларда орналасқан. Кен денелері үйлесімді қабат, линза тәрізді және таспа тәрізді жайпақ жатындардан тұрады. Олардың қалыңдығы ондаған метрден ондаған сантиметрге дейін өзгереді. Қалыңдығы бойынша ұстамды жатындар созылымы бойынша көптеген километрге, ал еңістік бағытында бірнеше километрге жетеді. Оларға жатындардың көп қабаттылығы, кенді қабаттардың біртіндеп кенсіз тау жынысытарға ауысып отыруы тән. Кейде қиюшы кен желілері мен уатылу белдемдері кездеседі. Стратиформдық кенорындар кенінің минералдық күрамы біршама қарапайым. Олардың басты минералдары - халькозин, борнит, халькопирит, пирит, ал қосымшалары - солғын кендер, ковеллин, галенит, сфалерит, желі минералдары - кварц, кальцит, барит. Кен денелерінде көбінесе минералдық ассоциациялардың белдемділігі байқалады. Ол шөгіндіжиналу мен кенжаралу үдерістері ерекшеліктерінің сипатына байланысты болады. Кенорындардың бұл типі дамыған жерлер: Қазақстан (Жезқазған, Итауыз, Жаман Айбат, т.б.), Прибайкалье (Удокан), Германия (Мансфельд), Польша (Предсудет), Ауғанстан (Айнақ), Замбия (Роан-Атилоп, Чамбиши, Нчанга), Конго (Камото, Мусоши), АҚШ, Мексика. Галенит-сфалерит кенорындары карбонат тау жыныстар - доломит, әктас қатқабаттарында орналасады. Кенді карбонат формациялар ондаған-жүздеген километрге таралады. Кенорындар айқын стратиграфиялық және литологиялық бақылануымен, кенденуді туындататын магмалық комплекстердің болмауымен, үйлесімді қабат және линза тәрізді жатындардың көп ярустық құрылысымен сипатталады. Қиюшы желілер мен құбыр тәрізді денелер сирек кездеседі. Жатындардың ұзындығы созылымы бойынша жүздеген метрден бірнеше километрге дейін, еңістігі бойынша 800-1000 м, қалыңдығы 0,5 метрден 200 м-ге (орташа мөні 10-20 м) дейін өзгереді.

Кенге қарапайым минералдық құрам тән

Басты минералдар - сфалерит, галенит, пирит, кальцит, доломит, кейде барит; қосымша минералдар - марказит, халькопирит, борнит, қорғасынның сульфотүздары, кварц, флюорит. Кен жолақ, желішікті және қабатталуы бойынша секпілдік бітімді, ұсақ түйірлі құрылымды болады. Кеннің құнды компоненттеріне қорғасын мен мырыштан басқа мыс, күміс, кадмий жатады. бұл типке жататын кенорындар Қазақстанда (Мырғалымсай, Шалғия), Орта Азияда (ұшқұлаш, Сумсар, Жерғалан) дамыған. Олар, сондай-ақ Полыпада (Олькум, Болеслав), Болгарияда, Францияда, Италияда, Испанияда, Иранда (Ангуран), Мароккода, Алжирде, Тунисте, АҚШ-та (Миссисипи-Миссури), [[Канада | Канадада ]] (ПайнПойнт) таралған. Киноварь-антимонид кенорындары геосинклиндердің түрақталған алқаптарында немесе платформалардың белсендірілген белдемдерінде орналасады. Олардың магмалық тау жынысытармен тікелей байланысы анықталмаған. Осы себепті Мұндай кенорындар беймагмалық деп аталады. Олар күмбез тәрізді және сандықша қатпарлармен, сондай-ақ айырылымдық бұзылыстармен күрделенген терригендік және карбонат комплекстер арасында жатады. Кен қабат тәрізді жатындар мен линзалардан, көбінесе кенді желілер мен штоквергтермен тоғысқан денелерден тұрады. Басты кен минералдар - киноварь, антимонид; қосымша минералдар - реальгар, аурипигмент, пирит, халькопирит, марказит, солғын кендер. Негізгі желілік минералдарға кварц, кальцит, флюорит пен барит жатады. Кенорындардың Мұндай типі таралған жерлер: Орта Азия (Қадамжай, Хайдаркен, Чаувай), Украина (Никитовка), Болгария (Рыбново), Италия, Испания (Альмаден), ҚХР (Синьхуаныпань, Ваныпань), Перу.<ref>Пайдалы қазбалар. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 440 б. ISBN 9965-35-411-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}