Галенит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Galena.jpg
ГАЛЕНИТ

ГАЛЕНИТ, қорғасын жылтыры – сульфид класындағы минерал. Хим. формуласы PbS. Кубтық сингонияда кристалданып, тұтас масса, түйіршік агрегаттар түрінде кездеседі.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref> Түсі қорғасындай сұр, металдай жылтыр; қатт. 2 – 3, менш. салм. 7,4 – 7,6 г/см3, морт сынғыш, электр тогын өткізеді, түрлі фотоэлектрлік әсер береді, диамагниттік, детекторлық қасиеттері бар. Гидротермальдық және кейбір шөгінді кен орындарында кездеседі. Г. – қорғасынның негізгі кентасы. Одан қорғасынмен қоса күміс, селен, висмут және мырыш өндіріледі. Г-тің концентратынан ақ сыр, бояу алынады. Қазақстанда Г. Кенді Алтай мен Сарыарқадағы қорғасын кен орындарында кездеседі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub