Галенит-сфалеритті скарндық кенорындар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Галенит-сфалеритті скарндық кенорындар гранитпорфир, гранодиорит-порфир мен кварцты порфирдің әктастармен жапсарларында орналасады. Кен денелері күрделі пішінді және ірі әлшемді болады. Олардың кенорындардағы орналасуы тектоникалық бұзылыстар жүйелерімен, брекчиялану белдемдерімен және жапсар құрылымдарымен бақыланады. Кенді галенит, сфалерит, пирит, халькопирит, пирротин, анартастар мен пироксендер құрайды. бұл типті ірі кенорындар орналасқан жерлер: Қазақстан (Гүлшат), Приморье (Верхнее, Дальнегорск, Николаев), Орта Азия (Алтынтапқан, Кенсай), Югославия (Трепча), АҚШ (Франклин, Лоуренс), Мексика, Түркия , Ауғанстан. Магнезийлі скарндар доломит және доломиттенген әктастардың алмасуы кезінде қалыптасады. бұл скарндардың типоморфтық минералдары диопсид, форстерит (магнийлі оливин), шпинель, флогопит, серпентин, магнетит, людвигит (темірлі-магнийлі борат), доломит, кальцит. Кен денелері линза, қабат тәрізді және күрделі жатын пішінді. Оларга белдемденген құрылыс тән. Ең үлкен өнеркәсіптік мәнге людвигит-магнетит (темірлі-борлы), флогопит және хризотил-асбест кенорындары ие.<ref>Пайдалы қазбалар. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 440 б. ISBN 9965-35-411-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}