Бөріойнақтөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бөріойнақтөбе - ежелгі қоныс орны. Маяқум ауылынан солтүстікке қарай 4 км жерде. 1974— 76 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедагогикалық (К.Ақышев, мүшелері К.Байпақов, В.Трошев) зерттеген. Қазіргі орны дөңгелектеу келген, диаметрі 80 м шамасындағы төбе. Оның алаңқайында диаметрі 10 м, биіктігі 8 метрге жуық 3 төбешік орналасқан. Қоныс топографиясынан (солтүстік және оңтүстік-шығыс жағынан) екі кірер жол анықталған. Орталық төбе айналасын төбешік-алаңқай қоршаған. Ол солтүстікке қарай 50 метрге созылған. Биіктігі 1,5— 3 м аралығында. Қыш ыдыстарының сынықтарына (хум, сақина тәрізді саптаяқ, т.б.) қарағанда, Бөріойнақтөбені 1—8 ғасырлар аралығында мекен еткен. Олар егін егіп, мал өсірумен шұғылданған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөріойнақтөбе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}