Бүгіс тігісі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бүгіс тігісі - әйелдер қолөнеріндегі тігіс тәсілдерінің түрі. Киім жапсарларын, етегін, жең-ұштарын, қалтаның аузын, осы сияқты киім шеттерінің екі шетін қосып бүгетін жағдайда қолданылады.

Бүгіп тігудің бұлдың екі шетін ұштастырып үстінен тепшу, жеңнің, етектің шетін бүгу сияқты әртүрлі әдістері бар. Бүгіп тігу үшін шетін тегістеп қайшымен қияды, бұдан соң екі рет бүктейді, бүктегені жазылмау үшін, көктеп, бүктелген шетке шаншым жасап, инені бүгілген шеттің астына өткізеді, шаншымдар бүктесін шеттеріне қиғаштау түседі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub