Бұл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұл (Пұл) - дәстүрлі ортада тұтынылған қымбат, қалың мата түрлерінің жалпы атауы. Бұл (пұл) атауы ертеде аса қымбат жібек түрлерінің айырбас элементі ретінде ақша құралы қызметін атқарғандығына байланысты шыққан. Түркі, парсы тілді халықтарда ақшаны пұл деп атау қолданыста әлі бар. Кейбір өңірлерде атаудың бұл деген мағынада қолданылуы бағасын арттыру мәніндегі «бғлдау, бғлдану» сөздеріне негіз болған.

Қазақ ұғымында бұл атауы мата деген мағынада қолданылады. Киім-кешек тігуге қазақ әуелде Үндістаннан әкелінетін шытты, батсайыны, Қытай, Орта Азия жібегін, барқытты, зерлі, белдері кездемелерді, мауытыны, масатыны, шұғаны пайдаланған. Қазақ жеріне Жібек жолы арқылы келген бұлдарды айырбас жолымен сауда-саттық жасап алып отырған. Бұл түрлері өз ішінде қалың, жұкалығына, құндылығына байланысты бірнеше топқа жіктеледі.

Сырт киімдік бағалы бұлдар: барқыт, тұқаба, берен, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, міндала, пайы, баршын, парша, пүліш, саң, тапта, үштал, тібек, шұға, мана, ләмбөк, манат, масаты, борлат, бояқ, бұйдас, зипуын, дабы, сылаң, қасапдар, қаламы, қымқап.

Жібек бұлдар: баршын, кініпас, кіріс, күлінкөр, күлдірі, қатипа, батсайы, сірпіңке, сіндіп, тапта, торғын, торқа, шәйі, қырмызы, атлас, кінауыз, маңлық, құлпы. Жұқа бұлдар: зон, ақсұп, борлат, бомази, бояқ, дабы, сыңсыма, сұрып, сәтен, сиса, шағи, бітес, тек, зәріп, саржа, құмаш, орысқол, тайғақ.

Арзанқол бұлдар: ләмбік, діке, үлдірік, ләстік, кенеп, шөжім, шыдаған, сұпы, шыт, бөз, тептік, ақзу, күн-түн, тібен, сәлдебөз, меткетон, тіке.

Қазақы ортада пұлдың әсіресе, көп қолданыста болған түрі - мақпал. Мақпал - тығыз тоқылған, жұмсак, түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың үш түрі бар: қарамақпал - қара барқыт; қой мақпал - түкті пүліш; қырмызы мақпал - қызыл күрең барқыт. Бірақ қазақтар мақпал деп көбінесе біртегіс, түті тықыр да қара барқытты атаған. «Мақпалдай қара, мақпалдай жұмсақ» дейтін теңеудің мәні осында. Мақпалдан қамзол, шалбар, қыз-келіншектердің киімі тігіледі, тұскиіз жасалады, баскиім тысталады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}