Бірыңғай салалы бұлшықет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бірыңғай салалы бұлшықет (гладкая мышца); (musculus visceralis; лат. musculus — бұлшық ет, viscera — ішкі) — ішкі түтікше мүшелердің, қан және лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын құрайтын бұлшықет.

Бірыңғай салалы бұлшықетті екі ұшы сүйірленіп келген, пішіні ұршық сабына ұқсас бірыңғай салалы ет үлпасының жасушалары —миоциттер құрайды. Миоциттер бір-бірімен жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық аралық (эндомизий) арқылы байланысып, ішкі түтікше мүшелер мен қан және лимфа тамырлары қабырғаларының етті қабықтары мен қабаттарын түзеді.

Бірыңғай салалы бұлшықет құрылысы жағынан паренхималы мүшеге жатады. Оның паренхимасын миоциттер, ал стромасын — дәнекер ұлпалы аралықтар құрайды.

Бірыңғай салалы бұлшықетэмбриондық кезенде мезенхимадан дамып жетіледі. Бұлшықетті вегетативті (автономды) жүйке жүйесі жүйкелендіреді. Сондықтан, бірыңғай салалы бұлшықет — автономды түрде еріксіз жиырылып, ішкі мүшелер мен тамырлар қабырғаларының жиырылып, қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бірыңғай салалы бұлшықет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}