Вегетативтік органдар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Вегетативтік органдар өсімдіктердің қоректену және өсу мүшелері. Төм. сатыдағы өсімдіктерде жапырақ, сабақ, тамыр болмайды, олардың вегетативтік денесін таллом деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің В. о-ына тамыры, сабағы, жапырағы жатады. Тамыр – өсімдіктердің топыраққа бекініп, өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді, топырақтан су мен минералдық заттарды қабылдап, оны сабақ, жапыраққа жеткізеді. Тамырда қор заттары жиналып, кейбір органик. заттар синтезделеді және тамыр арқылы өсімдіктер вегетативтік жолмен көбейеді. Сабақ – өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелерінің көлемін үлкейтеді, жапырақ және өсімдіктің жыныстық кебею мүшесі гүл шығарады. Жапырақ өсімдікте фотосинтез қызметін атқарады, тыныс алу кезінде оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады және артық суды буландырады. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде В. о-мен қатар генеративтік органдар (лат. genero – ұрпақ беремін) да болады. Олар өсімдіктің жыныстық жолмен көбеюін қамтамасыз етеді. Генеративтік органдарға гүлді өсімдіктердің гүлі, жемісі, тұқымы жатады. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub