Эндомизий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эндомизий (endomysium, грек, endon — ішкі, mys — ет) — ет ұлпасы жасушалары (миоциттер) мен талшықтары (миосимпласттар) аралықтарында орналасып, оларды біртұтас етіп байланыстырып, мүшелердегі етті қабаттар мен бұлшықеттер будаларын түзетіп талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасының жұқа қабаты. Талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасының құрамындағы ретикулин талшықтары мен жіңішке коллаген талшықтары негіздік жарғақпен бірігіп, бұлшықет талшығы сарколеммасының және миоциттер плазмолеммасының құрамына кіреді. Эндомизий арқылы миосимпласттар мен миоциттерді қоректік заттармен қамтамасыз ететін қан тамырлары және олардың жұмысын реттейтін жүйкелер өтеді. Эндомизий жүрек миокардтындағы кардиомиоциттер аралықтарында да болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Эндомизий|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}