Бурнооктябрь көне қаласы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Dig in Troy.jpg
Археологиялық қазбалар

Бурнооктябрь — ортағасырлық қала орны. Жамбыл облысының Жуалы ауданының Бурнооктябрь ауылының маңында. Атауы шартты. Осы өңірде кішігірім үш қаланың орны сақталған. Оны 1940 жылы Жамбыл археологиялық экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич), 1955 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экпедициясы (жетекшісі Е.И. Агеева) зерттеген. Бірінші қаланың орны — Теріс өзенінің оң жағасында. Бұл — әр түрлі деңгейлі төрт бөліктен тұратын, бұрыштары жұмыр, төртбұрыш тәріздес төбе. Оңтүстік алаң ең аласасы, биіктігі 2 м, аумағы 27х55 м. Екіншісі тиісінше 5,5 м, 50х25 м; үшіншісі — 15,5 м, 12х18 м. Осыған іргелес 4-алаңның аумағы 90х70 м, ол төбенің оңтүстік шетінен келіп қосылады. Үш жағынан қоршаған қорған қалдығының биіктігі 0,3 — 0,5 м. Мұнараларының сақталған бөліктерінің биікт. 2 м. Б.з. 7 — 10 ғасырларына жататын қаланың жалпы ауданы 16000 м2. Екінші қаланың орны (11 — 12 ғ-ларға жатады) алғашқысынан батысқа қарай 1 км жерде. Оның орнының солтүстік жағының ұзындығы 102 м, оңтүстігі 120 м, шығысы 115 м, батысы 110 м. Айналасы биіктігі 2 — 3,5 м қорғанмен қоршалған. Шахристан қаланың оңтүстік-шығыс шетінде орналасқан, ауданы 260х220 м. Қорғаныс қабырғалары мен бұрыштарындағы күзет мұнараларының орындары сақталған. Қалаға кірер қақпалары шығыс және батыс қапталдарында. Үшінші қаланың орны — алғашқы екеуінің аралығында, төбе цитадель, шахристан және рабадтан тұрады. Шахристанының әр қабырғасы шамамен 50 — 60 м-дей, сегіз бұрышты. Цитаделі шахристанның ішкі жағында, солтүстік қабырғасына жақын орналасқан. Оның аумағы 27х32 м. Шахристанның бұрыштарындағы мұнаралардың орны сақталған. Рабад шахристанның солтүстік және солтүстік -шығыс шетінде. Ол қисық төртбұрыш тәріздес, аум. 300х180 м, айнала қоршаған бекініс қабырғасы қалдығының биіктігі 2 м. Табылған заттай деректер қаланың 11 — 12 ғасырларда болғанын көрсетеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Теріс өзенінің оң жағасында "Баркуаб" атты орта ғасырлық Жібек жолының бойындағы қала жұрттары болған. Бұл жер Тараз, Жамбыл облысының энциклопедиясында шартты түрде "Бурнооктябрь І, ІІ, ІІІ қала жұрттары" деп берілген.<ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бурнооктябрь көне қаласы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}