Бериллий кентастары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бериллий кентастары – құрамында бериллий металы болатын минералдар тобы. Бериллийдің 42 минералы белгілі, олардың басым бөлігі силикаттар класына жатады. Басты бериллий құрамды минералдардағы бериллий оксидінің (ВеО) мөлшері: берилде 14%, фенакитте 42 – 45%, бертрандитте 40 – 42%, гельбертрандитте 32 – 35%, хризобериллде 18 – 20%, гельвин мен даналитте 10 – 12%, эвклазда 16 – 17%, лейкофанда 10 – 12%. Бұл минералдардан механикалық іріктеу немесе уатып көбікке шығару (флотация) тәсілдерімен 10%-дық, 8 – 6%-дық және 5%-дық ВеО концентраты алынады. Бериллий минералдарда изоморфты қоспа түрінде де кездеседі (мысалы, везувианда 1 – 4% және бериллий-маргаритте 1 – 3%). Бериллий кентастарының көпшілігі магма әсерінен пайда болған жыныстарда – лейкократты граниттерде, сілтілігі жоғары гранитоидтарда түзіледі. Негізінен олар 7 кентастық формацияларға жіктеледі:

  1. бериллийлі гранит-пегматиттер (ВеО-ның орташа мөлшері 0,05 – 0,4%);
  2. фенакит-гентгельвинді дала шпатты метасоматиттер (0,3 – 0,55%);
  3. гельвинді және хризобериллді грейзендер (0,1 – 0,3%);
  4. берилл және бертрандит құрамды слюдалы грейзендер мен кварцты желілер (0,1 – 0,15%, кейде 1%);
  5. берилл, хризоберилл және фенакит құрамды слюда-флюоритті грейзендер (0,1 – 0,15%);
  6. фенакит, бертрандит және т.б. құрамды флюоритті метасоматиттер және дала шпаты-кальцийлі ұсақ желілер (0,2 – 1,5%);
  7. гельбертрандитті флюориттелген риолит туфтары (0,4 – 0,7%).

Әлемде пегматиттік формация кендеріндегі бериллий қоры 80%-ға жуық, бірақ олардан тек 30 – 35% ВеО өндіріледі, ал флюориттелген риолиттерден ВеО өндірілу мөлш. 65 – 70%-ға жетеді. Қазақстанда бериллий кен орындары Қарағанды облысында (Бакен, Ақшатау, Қараоба, Нұраталды, Қоңырат), Шығыс Қазақстан облысында (Ақтау, Жоғарғы Лабан, Желке, Талдысай, Қаражал) бар.

<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бериллий кентастары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}