Гельвин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ГЕЛЬВИН – силикаттар тобының минералы. Химиялық формуласы Mn4[BeSіO4]3S. Кубтық сингонияда кристалданып, шар тәрізді масса түзеді, шыныдай жылтыр, түсі қоңыр, қызғылт, сары, кейде түссіз. Қатт. 6 – 6,5; менш. салм. 3,2 – 3,7 г/см3. Гельвин түйір, сеппе түрінде пегматиттерде, грейзенді сілтілі сиениттерде, граниттерде, кварц желілерінде, сульфидтерге бай скарндік кен орындарында кездеседі. Гельвин – бериллий алынатын құнды кентас.
Дереккөздер
<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>