Қараоба

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ҚараобаӨтес туған жер бекеті мен Сейсем ата арасындағы жер атауы. Сәл дөңестеу қырат басында заманында пирамида кескінді болғаны анық көрініп тұрған көне құрылыс орны. Қабырға тастары қасында шашылып жатыр. Оның кейбірінен пирамида сыртында төбесіне шығатын айналма баспалдақ болғаны білінеді. Қараоба бекінісі 1852 жылы топограф П.В. Алексеев Солтүстік Үстірттің Маңсуалмас (Мыңсуалмас) маңынан көріп суретін салған. Үй оба ескерткішінің осы жердегі сыңары. Топографқа жергілікті қазақтар Қараоба бекінісі жау келе жатқанын хабарлап, ұран отын жағып белгі беретін тұғыр, Арал теңізінен беріде көрнекті тұстардың көбінде осындай Қараобалар бар деп түсінік берген. Топограф бұл айтылғандардың ақиқат екендігін Тоқсанбай мен Шағырлы – Шөлқұмда осындай құрылыс орындарының барлығын жазып дәлелдейді. Қараоба көне әскери-құрылыс қарауыл мұнарасы болған. Қазір тамтығы ғана қалған. Мұнара түбінде тастан қашалған тоғызқұмалақ таңбасының болуы ескерткіштің қазақ халқына қатысты екендігін айғақтайды. Ал жанындағы моланы ел жады шапқыншылықта қаза болған жауынгерлердікі деп баяндайды.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub