Баршақұм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баршақұм Арал қарақұмының солтүстігіндегі құмды алқап. Қызылорда облысы Арал және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандары жерінде орналасқан. Абсолют биіктігі 112 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 110 км-ге созылып жатыр, енді жері 40 км, аумағы 1,7 мың км². Жер бедері қырқалы-төбешікті, бірен-саран шағылдар (биіктігі 7 – 12 м) кездеседі. Құм төбелері арасында Берді, Аймаңдай, тағы басқа құдықтар кездеседі. Құмның сұр, сортаңды топырағында жусан мен бұта аралас эфемерлі өсімдіктер, грунт суы жер бетіне жақын жатқан ойысты жерлерде жыңғыл, ши, құрақ өседі. Жыл бойына мал жайылымына пайдаланылады. Мұнда Бөбешек, Мейірман, Жыланды, Манасбай, Көкқабақ қыстаулары орналасқан.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баршақұм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}