Арал қарақұмы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арал қарақұмы Арал теңізінің солтүстік-шығысында жатқан құмды шөл. Арал теңізі мен Торғай үстіртінің аралығын, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстары аумағының бір бөлігін алып жатыр. Аумағы 35 мың км² шамасында. Құм алқабы бор және палеоген жыныстарының үгілуінің нәтижесінде түзілген. Қазіргі кезде оған жел айдап әкелген Арал теңізінің құм шөгінділері қосылуда. Алқап беті солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарып, Арал теңізі маңында жағалық құм белдеуіне ұласады. Біртұтас құм алқабы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ойысты жеке бөліктерге бөлшектенген. Одан жоғары Көлқұдыққұм, Жіңішкеқұм, Алаайғырқұм, Үлкенқұм орналасқан. Арал қарақұмы жер асты суына бай. Тұщы суы жер бетінен 2 – 3 м тереңдікте, артезиан суы бор және палеоген жыныстарының қабаттарында, яғни 100 – 200 м тереңдікте жатыр. Олардың минералдану дәрежесі әр түрлі (тұщы, кермек, ащы). Арал қарақұмының климаты тым континенттік, құрғақ. Қаңтардың орташа темпертурасы –12 – 14°С, шілдеде 25 – 26°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100– 150. Булануы 1400 – 1600 мм. Қыста қар жұқа түседі (қалыңдығы 5 – 6 см-ден аспайды). Сусыма құмды алқаптар мен ойпаңдарда қоңырқай топырақ арасынан сорлар ұшырасады. Белесті құмды жазықтарда еркек шөп, жусан, жүзгін, құм сұлысы, қияқ, ойпаңдарда ши, айрауық, қамыс, сор жерлерде сарсазан, көкпек, бұйырғын өседі. Ұсақ кемірушілерден сарышұнақ, қосаяқ; бауырымен жорғалаушылардан кесіртке, жылан, тасбақа: жыртқыштардан қасқыр, қарсақ, сондай-ақ қыста ақ бөкен мекендейді. Арал қарақұмында жыл бойы мал жайылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Арал қарақұмы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}