Ағындының жылдық үлестірімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағындының жылдық үлестірімі (Внутригодовое распределение стока) — ағындының жыл мерзімдеріндегі (маусымдарда, айларда, онкүндіктерде) үлестірімі. Әдетте, жылдық ағынды шамасының үлес бөлігі немесе пайызы ретінде белгіленеді. Ағындының жылдық үлестірімі типтік немесе есептеу нобайлары арқылы сипатталуы мүмкін. Типтік ағындының жылдық үлестірімі осы гидрологиялық аудандағы өзен тобы немесе нақты өзен үшін бірқатар жылдар бойы көбірек қайталанатын өзен жүргісін көрсетеді. Әрбір өзенге немесе өзен топтарына тон типтік ағындының жылдық үлестірімі байқау жүргізілген жылдар ішінен ең типтік (суы мол жылдар, қүрғақшылық, сулылығы орташа жылдар үшін) немесе барлық жылдар үшін күнтізбелік дата бойынша орташа мәні, жүргі фазалары бойынша орташаланған нобайлық гидрограф түрінде таңдалып алынады. Ағындының жылдық үлестірімін есептеу жылдың түрлі кезеңдері және бұл кезеңдердің келу уақыттары үшін ағынды шамасын статистикалық өңдеу жолымен анықталады. Есептелетін ағындының жылдық үлестірімі жылдың сулылығын, яғни әр түрлі қамтылған суы мол немесе құрғақ жылдарға қолдана отырып есепке алынады.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}