Гидрограф

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гидрограф
1) өзендегі су өтімінің белгілі бір жыл немесе маусым ішінде өзгеруін көрсететін график. Гидрограф өзен ағынын өлшейтін жердегі су өтімі туралы күнделікті алынатын деректер негізінде жасалады. Ордината осінде су өтімінің мөлшері, абсцисса осінде уақыт кесіндісі көрсетіледі.
2) өзен (канал) тұстамасындағы су өтімінің уақыт бойында өзгеруінің кестесі. Су ағындысының жыл, маусым бойындағы, су тасу, төменгі деңгей кезіндегі бөліну сипатын көрсетеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Гидрограф<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref> (грек, hуdor — су, gе - жер, gгарhо — жазамын) — өзендегі су өтімінің белгілі бір жыл немесе маусым ішінде өзгеруін көрсететін қисық сызық (график). Гидрограф өзен агынын өлшейтін жердегі су өтімі туралы күнделікті алынатын деректер негізінде жасалады. Ордината осінде су өтімінің мөлшері, абсцисса осінде уақыт кесіндісі көрсетіледі. Гидрограф гидротехникалық жобалау және су шаруашылық есептеулер үшін пайдаланылады. Әр түрлі қоректену көздерінен қалыптасқан су көлемдері гидрографты талдау арқылы анықталады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub

fr:Hydrographe