Ағынды

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағынды (Сток) —

  1. атмосфералық жауын-шашын суларының қайсыбір беттен (беткі ағынды), қайсыбір көлемнен, жер қабығының бір қалындығынан (соның ішінде жер асты ағынды) немесе жиынтық түрде қайсыбір аумақтан (алаптан және т.б.) бастапқыда бұлақтар мен өзендерге, одан соң мұхитқа немесе тұйық континенттік суқоймаларына ағып баруы; ол жерден су өз айналымын басқа жолдармен жалғастырады (негізінен бу түрінде);
  2. құрлықтың белгілі бір өңірінен (су жиналымнан) белгілі бір уақыт (төулік, ай, жыл) ішінде ағып шыққан су мөлшері. Судың орташа шығынымен (м3/с), ағынды қабатымен (мм не см), ағынды көлемімен (м3), ағынды модулімен (л/с * км² не м3/с * км²), ағынды коэффициентімен (бірлік үлесі) өрнектеледі;
  3. жаңбыр мен еріген қар суының суқоймаларға және жер бедерінің ойыстарына ағып жиналуы. Жер үсті ағындысы және жер асты ағындысы болып бөлінеді. Ағынды процесі жер бетіндегі су айналымының құрамдық буыны болып табылады. Ағынды мөлшерінің (у, мм) алап бетіне түскен жауын-шашын (х, мм) мөлшеріне катынасы (у/х) Ағынды коэффициент (һ) деп аталады және % арқылы көрсетіледі, һ = у/х,
  4. өзен арнасымен белгілі бір уақыт аралығында ағып өткен су көлемі, текше метрмен, млн. м3, км3- мен өлшенеді.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref> <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Ecology-stub