Ауру туғызатын бактериялар және олармен күресу шаралары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобы ауру туғызатын бактериялар деп аталады.


Бактериялардың оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, топалаң және т. б. сияқты ауруларды туғызатыны ертеден-ақ белгілі болды. Ауру туғызатын бактериялар адам денесіне енген соң оның ағзалық затымен қоректену, тез көбейе бастайды. Сөйтіп өзінен бөлінген улы заттармен ағзаны улайды (мысалы, баспа мен сіреспе аурулары кезінде, ағзаның қанайналымына улы заттар шығарады).

Қан улы заттарды ауру адамның бүкіл денесіне таратады.

Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тарамда болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады. Көпшілік орындарда, бөлмеле неғұрлым ауа таза болса, соғұрлым адамдар аз ауырады. Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жойылады. Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Сондықтан үйді, сынып бөлмесін күнде желдетіп отыру қажет. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын індет (эпидемия) дейді.

Тек медицинаның қарқынды дамуының нәтижесінде ғана микробиология өнеркәсібінде микробтармен күресу шаралары табылды. Ауру туғызатын бактерияларды жоятын қасиеті бар іш сүзегіне, дизентерияға қарсы қолданылатын дәрілер алынды. Ауырған кезде адам түрлі дәріні пайдаланады. Дәрі адам денесіндегі бактерияларды өлтіреді, сөйтіп адамның ағзасын жұқпалы микробтардан тазартады. Қазіргі кезде жұқпалы ауруларға арналған дәрілердің жаңа түрлері өндірілуде.

Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы - тазалық ережелерін сақтау. Мысалы, қайнамаған, лай су ішпеу. Тамақ ішер алдында қолды жуу. Киімді таза ұстау, ағзаны тынықтыру. Дененің жарақаттанған жеріне дереу йод жағу, тағамдарды көгеруден сақтау және т. б. (Ауасы тазартылған бөлмеле бактериялар саны 13 есе азаяды.)

Бактерияның басқа түрлері сары ауру, қызамық, қуздама (ревматизм) ауруларын туғызады. Бұл бактерия түрлері де ауа арқылы таралады.

Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 жылы Р. Кох анықтады. Туберкулез жұқпалы ауру болғандықтан, сілекей тамшылары арқылы таралады. Мал туберкулезбен ауырғанда бұл аурулы қоздыратын бактериялар адам денесіне сүт арқылы беріледі. Тамақ, су арқылы сүзек, сальмонелла ауруларын қоздырушы бактериялар жұғады.

Қантышқақ (дизентерия) ауруын дизентерия бактериялары қоздырады. Ауыратын сиырдың сүті арқылы сарып (бруцеллез) ауруы таралады. Кейде сүрлемеленген көкөністің құрамында кездесетін клостериум, ботулинус бактерияларының споралары жоғарғы температурада қайнатқаннан кейін де сақталады. Тығыз жабылған ыдыстың ішінде дамуын жалғастырады да, улы заттар бөледі. Мұндай тағам адамдарда ботулизм ауруын туғызады. Ондай кезде адам қазаға ұшырауы да мүмкін.

Пенициллин дәрісін (антибиотик) қабылдағанда ауру қоздырғыш бактериялар тіршілігін жояды. Сондықтан да бактериялар қоздыратын түрлі ауруларды пенициллин, ампициллин, бисептол сияқты дәрілермен емдейді. Адамға суық тиіп ауырғанда да ағзада бактериялар көбейіп кетеді. Сондықтан ол аурулы антибиотиктердің көмегімен 2-24 сағат арасында жазып жіберуге болады. Ертеде (VI ғасырда) Қытайдан басталып, Еуропаға таралған оба ауруы күніне (үлкен қалаларда) он мыңдаған адамдардың қазаға ұшырауына себепші болған.

Бактериялардың көптеген түрі өсімдіктерді де зақымдайды, ол аурулы бактериоз дейді. Олар бау-бақша, техникалық жеміс-жидек өсімдіктерін зақымдал, зор нұқсан келтіреді. Бактериялар өсімдіктің сабағын, тамырын, жемісін шірітеді. Өсімдіктердің бактерия ауруларына қарсы негізгі күрес шаралары - тұқымды себер алдында улы химикаттармен өңдеу, ауруға төзе алатын іріктемелерді таңдап алу.

Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз (шайыр ағу) ауруын туғызады. Мақта тұқымында сақталған бактерия спорасы тұқыммен бірге өнеді. Мақта сабағын, жапырағын, қауашағын зақымдайды да, ірі қошқыл қоңыр түсті дақтар пайда болады. Оның беті сілемейленіп, жабысқақ болып тұрады, онда бактериялар шоғырланып, кейін кеуіп, қабыршақтанады. Одан соң жел ұшырып, екінші өсімдікке жұғады. Жапырағындағы лептесік саңылауы арқылы бактерия ішке өтіп, жасуша қабығы және цитоплазмасымен қоректенеді. Бұл аурулы болдырмау үшін мақта тұқымын үнемі химиялық заттармен өңдеп отыру керек.

Ғалымдар грек жаңғағы, жиде, терек, қарағай ағаштарының жапырақтарынан бөлінетін заттардың бактерияларды қырып жіберетінін анықтаған. Сондықтан үйде мал қораның жанына ағаш отырғызып, өсімдіктер егу қажет.

Адам, өсімдіктер мен жануарларды ауруға шалдықтыратын бактериялар бар, олар ауру туғызатын бактериялар деп аталады. Ауру туғызатын бактериялар ауада, сула, тағамда тіршілік етеді. Адамға солар арқылы оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, қантышқақ, құздама ауруы жұғады. Адамның жаппай ауруы індет деп аталады. Ал өсімдіктердің бактериялық ауруы - бактериоз, мақтаның бактериялық ауруы - гоммоз (шайыр ағу). Аурудан сақтану жолы - тазалық сақтау.

Қазақтың біртума шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ауруларға өзінше атау берген. Оның ұсынуы бойынша: тышқақ - сатқа, қантышқақ - сатқақ, құздама - сорбуын.<ref>Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Biosci-stub