Химикаттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Химикаттар — химиялық заттектер. Қазір мәлім 10 млн химикаттардың 100 мыңы өнеркәсіпте қолданылады. Химикатсыз қазіргі заманғы өркениетті елестетудің өзі мүмкін емес, олар: медикаменттер, сыр-бояулар, синтетикалық полимерлер, құймалар және т.б. Осының өзінде химикаттар адамның денсаулығана үнемі қатер төндіреді, өйткені, газ, шаң, суспензиялар, эмульсиялар, ерітінділер түрінде қоршаған ортаға түседі. Әсіресе орнықты және организмдер жинақтайтын немесе канцерогендер және мутагендер болып табылатын химикаттар қауіпті. Адам өміріне қауіпті химикаттар үшін шектеулі рауалы концентрация мен шекті рауалы шығарындының қатаң жүйесі қажет.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Химикаттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}