Жіңішкеқұм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЖіңішкеқұмАрал қарақұмының оңт-ндегі құмды алқап. Қызылорда облысының Қазалы ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттiк биіктігі — 80–100 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылған, енді жері — 20 км. Аумағы — 2,1 мың км². Жер бедеріне қырқалы-төбелі (биіктігі — 10–12 м) құмдар тән. Олар желдің әсерінен пайда болған. Өсімдік жамылғысынан құмжусан, бидайық, сұржусан, теріскен басым өскен. Одан басқа ақ сексеуіл мен жүзгін өседі. Грунт суы жақын жатқан ойпаңды жердің шалғынды және сор топырағында құрақ, ши, бұйырғын өскен. Алқап жайылым ретінде пайдаланылады<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>.

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}