Алтай тіл білімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алтай тіл білімі (Altaіc lіnguіstіcs; Altaіschen Studіen), алтаистика – Алтай тілдерінің және фин-угор, жапон, корей, т.б. тілдердің шығу тегін, туыстық қатынасын, даму барысын, байланыс-қатыстылығын кең көлемде зерттейтін жалпы тіл білімінің салыстырмалы дербес саласы. 18 ғасырдан «Орал-Алтай тілдерінің төркіндестігі» туралы алғашқы болжамдар, пікір-ұсыныстар Ф.И.Страленберг, В.Шотт, Ф.Е.Видлеман, О.Бетлингк, Г.Винклер, М.А.Кастрен, Ю.Немет, В.Банг, И.Грунцел, А.Вамбери, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде айтыла бастады. Алтай тіл білімінің тиянақталып қалыптасуына түркітану, моңғолтану, тұңғыс-маньчжуртану, т.б. салалардағы ғылыми іргелі зерттеулер, нақтылы тілдік деректердің жариялануы көп септігін тигізді. Сөйтіп, осы тілдердің материалдарын өзара салыстыра зерттеудің барысында фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейде сәйкес құбылыстар мен ортақ тілдік заңдылықтар айқындалды. Мұндай тіларалық ұқсастықтар, ортақ белгілер нәтижесінде генеалог. тектестігі аңғарылды. Сөйтіп, Алтай тіл білімінің ең негізгі мәселесі – «Алтайлық тек тіл теориясы» тиянақталды. Бұл теория бойынша қазіргі түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдері өте ерте дәуірде бір тілден тарап өрбіген, шығу тегі төркіндес болып есептеледі. Бұл төркіндестікке жапон, корей тілдері де қатыстырылып келеді. Осы теорияны жақтаушы, көрнекті алтайтанушылар Г.И.Рамстедт, Е.Д.Поливанов, Н.Н.Поппе, Б.Я.Владимирцов, В.И.Цинциус, О.П.Суник, Л.Г.Герцемберг, Н.А.Сыромятников, Н.А.Баскаков, Б.Базылхан, Ш.Хаттори, Ш.Озава, А.Г.Азербаев, С.А.Старостин, Г.Мижиддорж, Т.Томортогоо, М.Базаррагиаа, т.б. ғалымдар осы тілдерді бір баба тілден деп тұжырымдады. Ал бұған қарсы, осы теорияны жоққа шығарушы В.Котвич, Дж.Клоусон, Г.Дерфер, Л.Лигети, А.М.Щербак т.б. ғалымдар және бұл мәселеге күдікпен қарайтын Д.Шинор, И.Бенцинг, Г.Д.Санжеев, т.б. ғалымдар бұл тілдердегі ұқсастықтар, ортақ белгілерді тілдердің тоғысу, араласу, қосылу процестерінің салдары деп түсіндіреді. Сондықтан Алтайлық тек тіл теориясы тарихи-салыстырмалы және тарихи-типологиялы екі тәсілмен зерттеле келіп, теория екі бағытқа айналды. 1-бағыт өкілдері қазіргі түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдері , жапон, корей тілдері және фин-угор о бастағы шығу тегінің ортақтығын дәлелдесе; 2-бағыт өкілдері осы тілдер о бастан бүгінге дейін жеке-жеке тілдер болды (немесе бір тілден екінші тіл туындаған) деп есептейді. Зерттеушілердің басым бөлігі бұл тілдер әуелі «бір негіз тілден» салаланып дамыған деген теориясы тұжырымды дәлелді деп, тарихи-салыстырмалы тәсілдің оң нәтиже беретіндігін, аса мол тілдік деректердің сәйкестігін алға тартады. Осы тілдердің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылысынан көптеген салыстырмалы деректер жарияланып келеді. Алтай тілдерінің мынадай ортақ белгілері анықталған: дыбыс үндестігі заңы, дауыстылар мен дауыссыздар үндестігі, түбір морфема (немесе түбір сөз) тұрақтылығы, оған жалғанатын қосымша морфемалардың жалғамалы жүйесі, тәуелдік жалғаулары, төл сөздік қордағы кейбір тұрақты атаулар, сұрау шылаулары болатындығы, анықтауыш, анықталушы және сөйлем құрылысының орын (бастауыш, баяндауыш) тәртібі сақталатындығы, есімше, көсемше оралымдарының жиі қолданысы, т.б. Ғалымдардың зерттеулерінде осы тәрізді ұқсас құбылыс, ортақ заңдылықтар туралы сан түрлі ұсыныс, толықтырулар мен қарама-қарсы пікірлер баршылық. Алтай тіл біліміндегі жаңа теорияны тұжырымды қазақ ғалымы Б.Базылхан ұсынды. Оның «Өзек тіл» деп атаған түркі, моңғол ([[Қазақ тілі|қазақ, моңғол) тілдерін және тұңғыс-маньчжур , жапон, корей тілдерін тарихи-салыстырмалы әдіспен зерттеуі нәтижесінде мынадай қорытынды тиянақталды: о баста алтайлық бір ғана тек тіл болды. Осыбір текті тілден қазіргі алтай төркіндес түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур, жапон, корей тілдері эвол. дамудың 1. «ым тіл» дәуірін; 2. «келте сөз» дәуірін; 3. «күрделі сөз» дәуірін бастан кешіріп, қазіргі дербес тілдер деңгейіне жетті. Зерттеуші ғалымдар түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінің туыстығын, ортақтығын, жалпы заңдылықтарын тілдік нақтылы фактілерімен айқындап, дәлелдеп келеді. Соның ішінде әрбір тілдің сөзжасам жүйесіндегі түбір және қосымша морфемалардың сәйкестігі ең өзекті, басты туыстық қатынастардың дәлелі ретінде зерттелді. Ал, бұл тілдерге жапон, корей (А.Г.Азербаев, С.А.Старостин, т.б.) және фин-угор (М.Рясянен, Х.Паасонен, Б.Коллиндер, Б.Мункачи, Д.Фокох-Фукс, Дж. Г.Киекбаев, т.б.) тілдерінің, сонымен қатар америкалық майя, кечуа, сиу, т.б. тілдердің (С.Викандер, М.Арибжанов, А.Каримуллин т.б.) төркіндестігі, туыстығы жайында қызықты да соны дәлелдер, талдаулар жүргізілді. Алтай тіл білімінің теория мәселелері: бабаалтай тілінің құрылымы, тілдердің салаланып өрбіген хронол. кезеңдері, туыстық қатынас дәрежелері, тілдік құрылысты тұтасымен қамтитын ортақ негізгі заңдылықтары, т.б. мәселелер толық шешімін тапты деп айту әлі ерте. Сол себептен де, осы тілдер бойынша тарихи-салыстырмалы, салғастырмалы диахрондық, синхрондық зерттеулерді толығырақ жүргізу қажет. А. т. б. мәселелері бойынша 1957 жылдан бері жыл сайын өтіп келе жатқан алтайтанушылардың халықар. Конференциясы (DІAK–The Permanent Іnternatіonal Altaіstіc Conference) көп жұмыс атқарды. Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының Шығыстану орталығының ұйымдастыруымен 1993 ж. маусым айының 2–5 күндері Алматы қаласында Алтай тіл білімінің кезекті 36-құрылтайы өткізілді. Бұл халықаралық сессияға АҚШ, Ресей, Түркия, Германия, Жапония, Бельгия, Корея, Моңғолия, Қалмақ, Тыва, Қытай, Венгрия, Қырғыз, Израиль және т.б. елдерден 75, Қазақстаннан 25 ғалым-зерттеуші қатысып (тарих, мәдениет, философия, т.б. салалары бойынша), 100-ден астам баяндамалар талқыланды. Құрылтай барысында Қазақстан ғалымдарының түркітану және қазақ тіл білімі саласындағы іргелі еңбектерінің Алтай тіл білімі үшін орасан зор маңызы бар екені айқындалды.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

  • Баскаков Н. А., Алтайская семья языков и ее изучение, М., 1981;
  • Старостин С. А., Алтайская проблема и происхождение японского языка, М., 1991;
  • Базылхан Б. Моңғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы тарихи грамматикасы, Өлгий, 1973;
  • Киекбаев Дж. Г., Основы исторической грамматики урало-алтайских языков, Уфа, 1996;
  • Сулейменов О., Язык письма. (Взгляд в доисторию – о происхождении письменности и языка малого человечества), Алматы–Рим, 1998

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алтай тіл білімі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}