Анықтауыш
Үлгі:Shortcut1 Анықтауыш<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3</ref> деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>
Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.<ref>С. Аманжолов, Қазақ тілі грамматикасы, 1966 ж.</ref> Ол ирекпен белгіленеді.
Анықтауыш болатын сөз таптары
Анықтауыш болатын сөз таптары:
- Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады:
- Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан
- Зат есімнен болады:
- Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.
- Сан есімнен болады:
- Мысалы: Жаңадан екі үй құрылып жатыр
- Есімдіктен болады:
- Мысалы: Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті
- Етістіктің есімше түрінен болады:
- Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады
- Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады
Мысалы: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады.
Дереккөздер
<references/>