Әділбек Тауасаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы

Әділбек Тауасаров (Үлгі:Туғанкүні, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Ақарал ауылы - Үлгі:Қайтысболғанкүні, Алматы) - Қазақстанның жазушысы, драматург.

Өмірбаяны

1965 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсдеі. Сол жылы бір топтқа оқуға түскен жастар арасында қазақтың біртуар азаматтары болатын. Олардың арасында Сағат Әшімбаев, Нұрлан Оразалин, Үміт Тоқмағамбетова, Фаузия Оразбаева, Әділбек Тауасаров, Шәрбану Бейсенова, Алдан Смайыл, Әшірбек Көпі­шев, Сайлаубек Жұмабеков, Ризабек Әдуов болатын.

Алматы қаласындағы Алатау ауданы әкімі аудандағы атауы жоқ немесе қайталанатын көшелерге жаңа атаулар беру туралы ұсынысы бойынша қалалық ономастикалық коммиссия шешім шығарды. Осы шешімге сәйкес Алатау ауданына қарасты Өжет ықшамауданындағы көшеге Әділбек Тауасаров есімі берілді<ref>Новые имена улиц, расположенных в Алатауском районе</ref>.

Қазақ теледидарында редактор, бөлім меңгерушісі.

1991 - 1993 жылдары Мәдениет министрлігінің репертуар бөлімінде бас редактор,

1993 - 1999 жылдары Қазақ теледидары директорының орынбасары, бас директорының орынбасары, бас директоры, Шәкен Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының деректі кинофильмдер шаруашылық бірлестігінде бас редактор.

Қазақстан Мәдениет министрлігінде репертуарлық бөлімнің бас редакторы болған.

1982 жылы Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында "Аса құрметті ИКС" атты тұңғыш пьесасы (комедия) сахнада қойылды.

1983 жылы Республикалық байқауда "Сен жанбасаң..." атты пьесасы екінші орынға ие болды. Оның "Арманшыл қыз", "Махаббат аралы, "Сен болмасаң, кім?" пьесалары бар.

2003 жылы прозалық, драма шығармалар жинағы жарық көрді.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Ахметжан Т. Жан әлемі [Мәтін] : сұхбаттар / Ахметжан Т. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2006. - 240 б.</ref><ref>Елубай С. Рухтармен сырласу [Мәтін] / Елубай С. // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 27 сәуір.- Б.20.</ref><ref>Сарбалаұлы Б. Әділбек әлемі [Мәтін] / Сарбалаұлы Б. // Жұлдыз. - 2008. - №5.- Б.99-112.</ref>

Отбасы

  • Жұбайы - Нағигүл Нұрханқызы Бейсембина
  • Балалары: Айбек, Айдын, Асылбек, Алмасбек, қызы Жұлдыз.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>