Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі (2003-2004)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2003 ж. 13 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекетгік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 13 қыркүйектегі № 1189 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 37, 372-бап).</ref> ҚР Мәдениет, ақпарат және коғамдық келісім министрлігінің оны ҚР Мәдениет министрлігі мен ҚР Ақпарат министрлігіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 24 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 24 қарашадағы № 1172 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 44, 477-бап).</ref> министрлік туралы ереже бекітілді, ҚР Мәдениет, ақпарат және коғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті таратылды, функциялары мен өкілеттіктері ҚР Мәдениет министрлігіне берілді. Ережеге сәйкес министрлік мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту, мұрагат ісі мен құжаттама саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, заңнамаға сәйкес мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға өкілеттік берілген ҚР орталық атқарушы органы болып табылды.

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі тарату; Қазақстанның мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени акциялар жүргізу; мемлекеттік және Қазақстанда бар басқа да тілдердің қолданылуы мен одан әрі дамытылуының тұрақтылығын қамтамасыз ету; мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру; мемлекеттік органдардың мәдениет, өнер, жастар саясаты, тілдерді дамыту, мұрағат ісі мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құжаттаманың біріздендірілген жүйелерін дамыту саласындағы қызметін үйлестіру. Министрліктің ведомствосы болды — Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті.

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекетгік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап).</ref> ҚР Мәдениет министрлігі, ҚР Ақпарат министрлігі және ҚР Туризм және спорт жөніндегі агенттігі оларды ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылды, туризмді дамыту функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігіне, ал жастар саясаты саласындағы ҚР Білім және ғылым министрлігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және және спорт министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1130 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 42, 538-бап).</ref> ҚР Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитеті болып қайта ұйымдастырылды.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}