Мыңжапырақ (өсімдік)
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мыңжапырақ (Achіllea) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның барлық облыстарында жазық жерлердегі шалғындарда, ашық ормандарда, жол жиегінде, сондай-ақ, егістік алқаптарда арамшөп ретінде өсетін 11 түрі бар. Соның ішінде жиі кездесетіні кәдімгі мыңжапырақ (A. mіllefolіum). Оның биіктігі 5 – 20, кейде 60 см-дей болады. Сабағы тік, жапырақтары қауырсын тәрізді, жиегі тілімденген, жатаған тамырлы. Ақ, қызғылт түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Кәдімгі мыңжапырақ – дәрілік өсімдік.
Дереккөздер</span>
«Ақмола облысы» энциклопедиясы
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мыңжапырақ (өсімдік)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}