Мыңжапырақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Мыңжапырақ (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 60 см-ге дейін жетеді.
  • Сабақтары түзу, бұтақтары аз.
  • Жапырақтары кезектесіп орналасқан, жіңішке бөліктерге бөлініп тілімделген.
  • Тамыр жапырақтарының сағақтары ұзын, сабақ жапырақтары отырмалы. Сабақтары мен жапырақтарын түк басқан.
  • Гүлдері майда, сабақтың жоғарғы жағында күрделі гүл тостағаншасын жасап шоғырланып тұрады. Гүл тостағаншасының шеткі гүлдері ақ түсті, ортадағылары түтікше тәрізді, олар ақ немесе сары түсті. Маусым айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Өсетін жері мен таралу аймағы

Қазақстанның барлық облыстарында жазық жерлердегі шалғындарда, ашық ормандарда, жол жиегінде, сондай-ақ, егістік алқаптарда арамшөп ретінде өсетін 11 түрі бар. Соның ішінде жиі кездесетіні - кәдімгі мыңжапырақ (Achіllea mіllefolіum). Оның биіктігі 5 – 20, кейде 60 см-дей болады. Сабағы тік, жапырақтары қауырсын тәрізді, жиегі тілімденген, жатаған тамырлы. Ақ, қызғылт түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Кәдімгі мыңжапырақ – дәрілік өсімдік. <ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер