Кәдімгі мыңжапырақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Кәдімгі мыңжапырақ , ақбас жусан (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасы, мыңжапырақ туысына жататын, көп жылдық шөп тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 70 см болатын сабағы біреу немесе бірнеше, қатты.
  • Тамыр сабағы көлбеу өседі, оның жоғарғы жағынан бір топ тамыр жапырақтары мен сабағы өсіп шығады.
  • Жапырағы көп ланцет тәрізді, 2-3 қауырсынды салаланған. Әр саласы бірнеше жүздеген сегменттерге бөлінеді, сол себептен „мыңжапырақ“ есімі берілген. Күрделі қылқанды, ұсақ себетті.
  • Сыртқы гүлдері 5 дара жынысты, күлгін, қызыл түсті. Ішкі гүлдері қосжынысты, түтік тәрізді, 5 аналық, 5 тікшелі.
  • Тозаңқабы — сары.
  • Жемісі ұсақ тұқымша, жәндіктермен тозаңданады. Тұқым төгілу арқылы таралады. Шілдеден күзге дейін гүлдейді.

Өсетін жері

Қазақстандағы 12 түрдің арасында кең таралған түрі, орманды дала мен далаларда және құрғақ шабындықтарда өседі.<ref>«Қазақстанның өсімдіктер әлемі» А.А. Иващенко, Алматыкітап баспасы 2012 ж.</ref>

Құрамы

Құрамында ахиллеин алкалоиді, эфир майлары, камфора, туйон және құмырсқа, сірке, валериан, аконит, аскорбин қышқылдары, С,К дәрумендері, фитоцидтер, спориттер бар.

Емдік қасиеті және қолданысы

Кәдімгі мыңжапырақтың қан тоқтататын, қабынуға, аллергияға қарсы әсер ететін, жарақаттардың жазылуын тездететін, қан тамырларын кеңейтетін, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттері бар. Осыған байланысты өсімдікті жатырдан, өкпеден, ішектен, мұрыннан, геморрой түйіндерінен қан кеткенде және асқазанға жара түскенде пайдаланады. Сонымен қатар дене сыртындағы жараларға да тұнбасын жағады және жапырақтарын таңып қояды. Халық медицинасында өт қалтасына тас байланғанда және бауыр ауруларын, бронхтың қабынуын, геморройды емдеу үшін қолданады.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер