Әділ Молдашұлы Нұрманов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Әділ Молдашұлы Нұрманов (5 қараша 1934, Шайыр ауылы, Маңғыстау ауданы, Гурьев облысы, Қазақ КСР - 5 қараша 2024, Ақтау, Қазақстан) — кеңестік және қазақстандық геолог-барлаушы, инженер-геолог, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұнайшысы. Өзен, Жетібай, Солтүстік Бозашы, Қаражанбас, Қаламқас сияқты Маңғыстау облысындағы ірі мұнай-газ кен орындарының алғашқы ашушыларының бірі.

Өмірбаяны

Нұрманов Әділ Молдашұлы 1934 жылы 5 қарашада Гурьев облысы, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылында дүниеге келген.

Білімі

1952 жылы Шахта орта мектебін бітірген.

1957 жылы Алматыдағы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) геология факультетін үздік бітіріп, инженер-геолог мамандығын алды.

1980 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің геологиялық барлау және ұйымдастыру факультетін сырттай тәмамдады<ref>https://kong.kz/novosti/157-nekrolog-gazeta-mangistau-22-oktyabrya-2024g</ref>.

Еңбек жолы

1957 жылы оқуды аяқтаған соң туған өлкесіне оралып, жаңадан құрылған «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінде еңбек жолын бастады.

1959–1961 жылдары — трестің тақырыптық партиясының басшысы.

1961–1994 жылдары — геологиялық-барлау партиясының бас геологы, бас геолог, кейін Маңғышлақ геофизикалық экспедициясының бастығы.

1994–1999 жылдары — «Маңғыстау геофизикалық экспедициясы» акционерлік қоғамының президенті.

1999 жылдан бастап жеке зейнетақы демалысына шықты.

1974 жылдың 26 қаңтарында Қаражанбас кен орнында алғашқы мұнай фонтанының атқылауына тікелей себепші болды. Бұл оқиға Маңғыстау мұнайының жаңа дәуірін ашқан тарихи сәт саналады<ref>https://inbusiness.kz/kz/last/belgili-geolog-adil-nurmanov-omirden-otti</ref>.

Ғылыми және кәсіби еңбектері

Әділ Нұрманов — Өзен (1961), Жетібай (1961), Солтүстік Бозашы (1974), Қаражанбас (1974), Қаламқас (1985) және олардың серіктес кен орындарының (Теңге, Қарамандыбас, Доңға, Қарақұдық, Еспелесай және т.б.) алғашқы ашушыларының бірі<ref>https://munayshy.kz/catalog/kut-munai-kaharmandary-nurmanov-a-adilov-u-tayanov-s/demo</ref><ref>https://www.mmg.kz/ru/media/724/qalamqas-munayi-qalay-aildi</ref>.

Ол геологиялық іздестіру әдістемесін жетілдірумен айналысып, 1975 жылы «Кен орындарын іздеу және дайындау мерзімін қысқарту» және «Кен орындарының өнеркәсіптік қорларын іздеу, барлау және бағалау» атты авторлық әдістер ұсынды.

Ә.Нұрманов жас геологтар мен студенттерге тәжірибе мен білімін үйретіп, Маңғыстау геологиялық мектебінің қалыптасуына зор үлес қосты.

45 жылдан астам уақыт бойы Әділ Нұрманов Маңғыстау түбегінде және Бозашы, Үстірт өңірлерінде мұнай мен газ кен орындарын іздеу және барлау жұмыстарын басқарды. Оның тікелей басшылығымен 90-нан аса жаңа геологиялық құрылым зерттеліп, олардың көбінен өндірістік маңызы бар мұнай мен газ қорлары табылды. Ол Қазақстан мұнай-газ саласының дамуына ерекше үлес қосқан алғашқы жоғары білімді жергілікті инженер-геологтардың бірі болды<ref>https://tengemonitor.kazgazeta.kz/news/25609</ref>.

Басты еңбектері:

  • «Геология и нефтеносность полуострова Бузачи, Мангышлака и Устюрта» (Ленинград, 1976).
  • «Глубинная структура Северного Устюрта» (Москва, 1993).
  • «Бозашы – Маңғыстаудың екінші тынысы» (Алматы, 2004).

Марапаттары

1980 - «Еңбек Қызыл Ту» ордені.

«Құрмет белгісі» ордені.

1970 - «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» медалі.

1970 - «КСРО жер қойнауын барлаудағы еңбегі үшін» медалі.

1980 - «КСРО жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісі.

1984, 1985 - «КСРО кен орнын алғашқы ашушы» медальдары.

1985 - «Еңбек ардагері» медалі.

1999, 2019, 2024 - «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «120 жыл», «125 жыл» мерейтойлық медальдары.

2004 - «Қазақстан Республикасының жер қойнауының құрметті барлаушысы».

2004 - «Өзен кен орнының 40 жылдығы» медалі.

2005, 2010 - «Қаражанбас кен орнына 25жыл», «30 жыл» медальдары.

2011 - «Маңғыстау облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі.

2014 - «Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі.

2019 – KAZENERGY медалі.

2020 - «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл» медалі.

Ақтау қаласының және Маңғыстау облысының Құрметті азаматы.

Әдебиеттер

Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997.

Нефтяная энциклопедия Казахстана, 1999.

Ә. М. Нұрманов. Бозашы - Маңғыстаудың екінші тынысы.

Валентин Токарев. Ветераны нефтяной отрасли Казахстана.

Заслуженные первопроходцы, 2012.

Әзірбайжан Қонарбаев. Құт мұнай қаһармандары. Қазақ мұнайының ардақтылары өмірбаян сериясы. Алматы, 2011

Наталья Задерецкая. «Әділ Нұрманов - Маңғыстау қойнауын бағындырған тұлға» (редакциялық алқа төрағасы – Балтабек Қуандыков, т.ғ.д.).

Сборник МИНГИО СССР «Геология нефти и газа».

Первооткрыватели месторождений нефти и газа Казахстана. ОО «Казахстанское Общество Нефтяников-Геологов» (КОНГ), Алматы, 2024. ISBN 978-601-7837-16-7.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер