Бозащы мұнай-газ кен орны
Үлгі:Мұнай кен орны Бозащы мұнай-газ кен орны — Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан солтүстікке қарай 175 км жерде, Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауындағы Бозащы түбегінде орналасқан.
Тарихы
Кен орны сейсмикалық барлау нәтижесінде 1975 жылы анықталған. Бұрғылау жұмыстары 1975-1978 жылдары жүргізілген.
Иеленушілері
- Үлгі:Flagicon Buzachi Operating Ltd. (50% Үлгі:Flagicon CNPC/50% Үлгі:Flagicon Nelson Petroleum Buzachi BV (50% Үлгі:Flagicon Лукойл Оверсиз/50% Үлгі:Flagicon Sinopec))
Геологиялық құрылымы
Кен орны антиклинальдық құрылыммен байланысты. Юра мен бор шөгінді жыныстарынан тұратын құрылымның орталық бөлігі тектоникалық жарылымдармен 10 блокқа бөлшектелген.
Жатыс сипаты
Қалыңдығы 4,2-20 м кенге бай мұнай-газ шоғырлары юра қабаттарында кездеседі. Коллекторлар құмтас және алевритті жыныстардан құралған, олардың орташа кеуектілігі 26-28%. Мұнайдың бастапқы тәуліктік өнімділігі 3,4-48 м3 болды (газ 25-54 мың м3).
Құрамы
Мұнайы ауыр, тығыздығы 0,938 – 0,940 г/см3, күкірті 2%, парафині 1,5%, шайыры 15%. Мұнайдың құрамында ванадий мен никель бар. Газы «құрғақ», құрамында 95,5% метан, 4,5% басқа көмірсутектер бар. Кен орны өндірістік игеруге дайындалған.Үлгі:Stub