Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы — Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

Комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасында әділ, шынайы және еркін сайлаулар мен республикалық референдумдар өткізу болып табылады. Миссиясы — еркін және әділ сайлау мен республикалық референдумдар өткізу жолымен азаматтардың тікелей немесе өз өкілдері арқылы мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету.<ref>Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы</ref> 1993 жылдан бастап тұрақты негізде жұмыс істейді.<ref>Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы</ref>

Қысқаша тарихы

Қазақ КСР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен 25 адамнан құрылған болатын. 1989 жылғы 18 қазанда Қазақ КСР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құрамы бекітілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысына сәйкес Ортсайлауком аппараты 7 адамнан құралды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 28 маусымда Қазақ КСР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы құрамына өзгерістер енгізді. 1993 жылғы 8 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын сайлау туралы» қаулысы қабылданды. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Жоғарғы Кеңес сайлады. Осы жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже бекітілді. 1995 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы» Жарлығы қабылданды. Орталық сайлау комиссиясының отставкаға кету туралы өтінішін қарай келе, Орталық сайлау комиссиясының бүкіл құрамын қызметтен босату туралы шешім қабылданды. 1995 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жаңа құрамы бекітілді. 1996 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орталық сайлау комиссиясы туралы жаңа Ереже бекітілді.

Сайлау комиссиясын құру және сайлау тәртібі

2007 жылғы конституциялық реформаға дейін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Төрағасын, Төрағаның орынбасарын және мүшелерін Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша сайлау Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің айрықша құзіретіне жататын. Қазіргі кезде қолданыстағы Конституцияға сәйкес Орталық сайлау комиссиясын қалыптастырудың келесі тәртібі қолданылады:

  • Ортсайлаукомның Төрағасы мен екі мүшесін бес жыл мерзімге Қазақстан республикасының Президенті тағайындайды;
  • Ортсайлаукомның екі мүшесін бес жыл мерзімге Парламент Сенаты тағайындайды;
  • Ортсайлаукомның екі мүшесін бес жыл мерзімге Парламент Мәжілісі тағайындайды.

Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық және округтік сайлау комиссияларын Орталық сайлау комиссиясы, ал мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік және учаскелік сайлау комиссияларын тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады. Егер бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шекарасы әкімшілік аумақтық бірліктің шекарасымен тұспа-тұс келсе, округтік сайлау комиссиясы құрылмай, оның қызметін аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

Төменгі деңгейдегі сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының отырысында сайланады. Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды.

Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.

Аппарат құрылымы

Қарамағындағы ұйымдар

  • «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК — электрондық сайлау жүйесi инфрақұрылымының объектiлерi торабын ұстау және дамыту саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын. 2005 жылы құрылған.<ref>«ҚР ОСК ИТО» РМК ҚҰРУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫҮлгі:Deadlink</ref>

Төрағалары

Суреті Аты-жөні
Үлгі:Small
Басқарған уақыты

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (1993–)

1 99px Қаратай Тұрысов
Үлгі:Small
8 желтоқсан 1993 17 наурыз 1995
2 99px Юрий Ким
Үлгі:Small
25 наурыз 1995 24 қаңтар 1996
3 99px Зағипа Балиева
Үлгі:Small
қаңтар 1996 13 сәуір 2005
4 99px Оңалсын Жұмабеков
Үлгі:Small
13 сәуір 2005 17 қаңтар 2007
5 99px Қуандық Тұрғанқұлов
Үлгі:Small
17 қаңтар 2007 13 қыркүйек 2016
6 99px Берік Имашев
Үлгі:Small
13 қыркүйек 2016 25 қаңтар 2022
7 99px Нұрлан Әбдіров
Үлгі:Small
25 қаңтар 2022

Комиссия мүшелері

Реті Аты-жөні Тағайындалған уақыты Тағайындаған билік органы Лауазымы
1 Нұрлан Әбдіров 25 қаңтар 2022 Президент ОСК төрағасы
2 Мұхтар Ерман 30 наурыз 2022 Мәжіліс ОСК хатшысы
13 қараша 2024 ОСК төрағасының орынбасары
3 Шавхат Өтемісов 24 ақпан 2022 Сенат ОСК мүшесі
13 қараша 2024 ОСК хатшысы
4 Азамат Айманақұмов 7 қараша 2024 Президент ОСК мүшесі
5 Михаил Бортник 7 қараша 2024 Президент ОСК мүшесі
6 Әсел Жанәбілова 22 қазан 2025 Мәжіліс ОСК мүшесі
7 Ләззат Сүйіндік 7 қараша 2024 Сенат ОСК мүшесі

Бұрынғы мүшелерінің тізімі

Аты-жөні Мүше болған уақыты Лауазымы
Қаратай Тұрысов 1993 — 1995 Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
Александр Судьин 1993 — 1995 Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары
Владимир Волков 1993 — 1994 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Талғатбек Абайділдин 1993 — 1995 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Юрий Ким 1995 — 1996 Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
Үсен Жетенов 1995 — 1996 Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары
2008 — 2012 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Зағипа Балиева 1995 — 1996 Орталық сайлау комиссиясының хатшысы
1996 — 2005 Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
Қапар Бөкенов 1995 — 2003 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Майдаш Оспанова 1995 — 2008 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Татьяна Охлопкова 1995 — 2016 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Қуандық Тұрғанқұлов 1996 — 2007 Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары
2007 — 2016 Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
Елена Кулешова 1996 — 2003 Орталық сайлау комиссиясының хатшысы
Владимир Фоос 2000 — 2017 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
2003 — 2007 Орталық сайлау комиссиясының хатшысы
2007 — 2017 Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары
Бақыт Мелдешов 2003 — 2020 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
2007 — 2017 Орталық сайлау комиссиясының хатшысы
Ләззат Сүлеймен 2003 — 2019 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Оңалсын Жұмабеков 2005 — 2007 Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
Марат Сәрсембаев 2007 — 2017 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Берік Имашев 2016 — 2022 Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
Сәбила Мұстафина 2016 — 2024 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
2017 — 2021 Орталық сайлау комиссиясының хатшысы
Константин Петров 2016 — 2024 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
2017 — 2024 Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары
Наталья Годунова 2017 — 2018 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Зәуреш Баймолдина 2017 — 2019 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Ақылбек Ихданов 2018 — 2020 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Анастасия Щегорцова 2019 — 2024 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
2021 — 2022 Орталық сайлау комиссиясының хатшысы
Серік Сыдықов 2020 — 2022 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Ерлан Дауылбаев 2020 — 2022 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Асылбек Смағұлов 2020 — 2025 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер