Зағипа Яхияқызы Балиева
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Зағипа Яхияқызы Балиева (3 қазан 1958, Кеген ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, экономист, Әділет министрі (2005—2009),Орталық сайлау комиссиясының төрағасы (1996—2005). Экономика ғылымдарының кандидаты.
Қысқаша өмірбаяны
1958 жылы 3 қазанда Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылында дүниеге келді.
1981 ж. Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы — заңгер-құқықтанушы.
Еңбек қызметін АПТУ-да лаборант болып бастаған
1981—82 жж. — Жамбыл аудандық, Жамбыл облыстық «Стройбанк» кеңсесінің заң кеңесшісі болып бастаған.
1982—86 жж. — Жамбыл (Тараз) қалалық атқару комитетінің заң кеңесшісі.
1986—92 жж. — Алматы қалалық аткомының тұрғын алаңды есепке алу және бөлу басқармасының инспекторы бөлім меңгерушісі.
1992—94 жж. — Алматы қалалық әкімі аппаратының заң бөлімінің бастығы, меңгерушісі болып істеген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылуының депутаты болып сайланған.
1995 ж. наурызынан — Орталық сайлау комиссиясын хатшысы.
1996 ж. қаңтарынан — Орталық сайлау комиссиясы төрайымы болып басқарды.
2005 ж. сәуірден бері Қазақстан Республикасының Әділет министрі. 2009 жылдың сәуір айынан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
2005-2009 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
2009-2011 ж.ж. – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Құрмет», «Парасат», «Күміс алқа», ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
Отбасылық жағдайы
Тұрмыста, алты бала және немере тәрбиелеп отыр.
Жұбайы - Балиев Мұхтар Абзалұлы (1957 жылы туған). Ұлдары- Балиев Данияр Мұхтарұлы (1980жылы туған), Бали Ернар Мұхтарұлы (1984 жылы туған), Бали Әлияр Мұхтарұлы (1990 жылы туған), Бали Нұрсұлтан Мұхтарұлы (2006 жылы туған); қыздары - Бали Алдара-Бегім Мұхтарқызы (2004 жылы туған), Бали Дария-Бегім Мұхтарқызы (2007 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан саясаткерлері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің V шақырылымының депутаттары
- Саясаттағы Қазақстан әйелдері
- Қазақстан әділет министрлері
- Нұр Отан партиясы саяси кеңесі мүшелері
- Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 13-шақырылымының депутаттары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері