Бақыт Сәрсенбайұлы Мелдешов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бақыт Сәрсенбайұлы Мелдешов (15 қазан, 1959 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы Мақталы ауылында туған) - Орталық сайлау комиссиясының хатшысы (2007 жылдан бастап).
Өмірбаяны
- Әкесі - Мелдешов Сәрсенбай, марқұм, Шымкент облысы Арыс ауданы «Ақдала» кеңшары учаскелік ауруханасының бас дәрігері болған. Анасы - Мелдешова Мәнсия, зейнеткер, Шымкент облысы Арыс ауданы «Ақдала» кеңшары учаскелік ауруханасының фельдшер-акушері болған.
- С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1984), құқықтанушы.
- 1985 жылдан - Алматы темір жолының заң кеңесшісі.
- 1986 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы соты Азаматтық коллегиясының аға кеңесшісі.
- 1988 жылдан - ҚазКСР (ҚР) Жоғарғы Кеңесінің аға кеңесшісі, Қабылдауының меңгерушісі.
- 1995 жылдан - ҚР Парламенті Сенаты заңнамалар бөлімінің аға кеңесшісі.
- 1996 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі заңнамалар бөлімінің бас сарапшысы.
- 1997 жылдан - «Қазақтелеком» АҚ бөлім бастығы.
- 1998 жылдан - ҚР Орталық сайлау комиссиясының кеңесшісі, бөлім меңгерушісі.
- 2003 жылдан - ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
- 2007 жылдың қаңтар айынан бері - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.
- 2010 жылғы 9 сәуір күні Парламент Сенатының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына жаңа бес жылдық мерзімге тағайындалды. 2010 жылғы 16 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы.
Марапаттары
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
- «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған (2005).
Отбасы
- Үйленген. Жұбайы - Стамбекова Майра Советқазықызы (1961 жылы туған), ҚР Қаржы министрлігінде бөлім бастығы.
- Ұлы - Әнуар (1986 жылы туған);
- қыздары - Гүлбану (1988 жылы туған), Әсем (1996 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}