Тентексор (көл)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл ТентексорЫрғыз алабындағы ағынсыз көл.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде, Лақалы көлінің батысында, Аққайтым ауылынан батысқа қарай 21 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы

Көл теңіз деңгейінен 158,1 м биіктікте жатыр. Ауданы 10,5 – 21,8 км2, ұзындығы 8 км, енді жері 3,6 км. Жағалауының ұзындығы 25,8 км, көктемде еріген қар, жауын-шашын суларымен 36,6 км-ге дейін ұлғаяды. Жағалауы құм саздақты, жазық. Жаздың ортасында көл суы тартылып, сорға айналады. Суы тұзды, көлге Майлысай өзені құяды. Батыс бөлігінде өзімен аттас қыстау орналасқан.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер