Ырғыз
Үлгі:Өзен Ырғыз – Торғай алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз аудандары жеріндегі өзен. Ұзындығы 593 км, су жиналатын алабы 31600 км2. Ақтөбе облысының шығысында орналасқан ол Қостанай, Қарағанды облысымен шекаралас.<ref>Ақтөбе: Энциклопедия - Ақтөбе.<Отандастар - Полиграфия>ЖШС, 2001. - 748 БЕТ</ref>
Этимологиясы
Ырғыз көне гидронимі туралы Ә.Нұрмағамбетов қаз. ырғ "ескі" + көне түркі. үгүз "өзен" сөздерінен біріккен дейді. Т.Жанұзақ ырғыз "ойпаң, ой жерде ағып жатқан өзен мағынасында тұрғанын атап көрсетеді.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Атаудың екінші сыңары ғыз көне түркі үгүз "өзен" мәнді сөзінің қысқарған нұсқасы екені ойға қонымды. Өйткені башқұрт. "Ярғазы, Ырғазы, Карғазы" атты өзендер бар.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Бастауы
Мұғалжар тауының шығыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Торғай өзеніне қосылып, Шалқартеңіз көліне құяды.
Гидрологиясы
136 кішігірім саласы бар.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Басты салалары: Бақсайыс, Үймола, Қарабұтақ, Шетырғыз. Аңғары жоғарғы ағысында 0,4 - 0,6 км-ден сағасына қарай 1,5 - 1 км-ге кеңейіп, Торғай өзенінің анғарымен тұтасып кетеді. Жайылымы 200 м-ден 2 км-ге дейін өзгереді, сағасына жақын айкын байқалмайды. Арнасы жоғарғы ағысында 20 - 50 м-ден, ортаңғы ағысында 120-160 м-ге дейін жетеді. Ағынының 90%-ы көктемгі су тасу кезінде қалыптасады, жазда төменгі ағысында қарасуларға бөлініп қалады. Суының минералдылығы тасу кезінде 50-100 мг/л-ден сабалық кезеңде 2000 - 3000 мг/л-ге дейін өзгереді. Көп жылдық орташа су ағымы Шеңбертал ауылы тұсында 6,70 м3/с. Өзен бойынан жалпы сыйымдылығы1,32 млн. м3 болатын 4 тоған салынған.<ref>Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5</ref>