Лақалы (көл)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл ЛақалыШалқар алабындағы көл.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Аққайтым ауылынан батысқа қарай 12 км жерде. Теңіз деңгейінен 159,5 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы

Аумағы 3,1 км2, ұзындығы 5 км, ені 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 14,8 км. Сопақ пішінді көл солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Жағалауы жайпақ, қалың қамыс, құрақ өскен. Батыс жағалауына Майлысай өзені құяды. Суы кермек татиды әрі ашқылтым. Көктем, күз айларында мал ішуге жарамды. Шарасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толысады. Желтоқсан айының 2-онкүндігінде суы қатып, наурыз айының соңында ериді. Ойпаңды жерде орналасқан көл шарасын Қорғантұз, Тентексор, Соркөл көлдері қоршап жатыр.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер