Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков (4 қаңтар 1954, Жамбыл облысы) — қазақстандық сот және құқық қорғау саласындағы ірі қайраткер, 2009 және 2011 жылдар аралығында Жоғарғы Сот төрағасы. Заң ғылымдарының кандидаты және докторы. Аға әділет кеңесшісі.

Өмірбаяны

1954 жылы 4 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркен ауданы, Ворошилов ауылында дүниеге келді.

Білімі

1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін “заңгер” мамандығы бойынша тәмамдады.

Мансабы

Еңбек жолын Жамбыл облыстық сотында тағлымдамадан өтуші ретінде бастады.

1982 жылдан 1996 жылдары аралығында Жамбыл қаласының Орталық ауданының халықтық судьясы, Жамбыл облыстық сотының мүшесі болып қызмет істеген, Жамбыл облыстық соты төрағасының орынбасары лауазымын атқарып, Жамбыл облысының әділет басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

Бұдан кейін Әлімбеков әр облыстағы сот жүйесіндегі ірі лауазымдарға тағайындалды:

1996—1999 — Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы;

1999—2001 — Жамбыл облыстық сотының төрағасы;

2001—2006 — Алматы қалалық сотының төрағасы.

2006 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Парламенті Сенатының № 303 бұйрығымен Қазақстан Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы болып тағайындалды.

2009 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Парламенті Сенатының № 324 бұйрығымен Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы болып тағайындалып, бұл лауазымынан 2011 жылғы 15 сәуірде № 865 бұйрықпен босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2011 жылдың сәуір мен желтоқсан айлары аралағында — Қазақстан Жоғарғы Сотының судьясы;

2012—2014 — Минск қаласындағы ЕурАзЭҚ халықаралық сотының орынбасары кейін төрағасы.

2014 жылы Қазақстанстанға қайтып келіп,Қазақстан президентінің бұйрығымен Қарағанды ​​облыстық сотының төрағасы болып тағайындалып, 2019 жылы Жақып Асановтың басшылығымен Әлімбековтың құрметті зейнеткерлікке шығуына байланысты салтанатты шара өтті.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

1 жылдан кейін Әлімбеков RBK Банкінің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып сайланды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Жеке өмірі

Үйленген, жұбайы Бақытгүл Байдалықызы (1955 туған). 3 баласы бар

  • ұлы Жандос Мұсабекұлы (1978 туған) Алматы қалалық сотының судьясы (2014—2016, 2024—), Қазақстан Әскери сотының төрағасы (2018—2024).<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • қыздары Жанна (1983 туған) және Әлия.

Еңбектері

  • “Сот құқық шығармашылығы және азаматтық құқық нормаларының құқық қолдану механизмінде қолданылуы” монографиясы (Үлгі:Lang-ru; 2011);
  • “Қазіргі кезеңде соттың азаматтық құқық нормаларын қолдануы” (Үлгі:Lang-ru), Сот сараптамасы туралы (Үлгі:Lang-ru; 2009);
  • Практикалық нұсқаулық «Зияткерлік меншік құқығы туралы даулар» (Үлгі:Lang-ru; 2010);
  • Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқықтарын сот арқылы қорғау: соңғы тенденциялар мен перспективалар (Үлгі:Lang-ru; 2011);
  • Әлемдік жаһандану жүйесіндегі еуразиялық интеграция: қазіргі саяси-құқықтық аспектілері (Үлгі:Lang-ru; 2015).

Бұлардан бөлек Әлімбековтың Қазақстан, Ресей, Германия және Беларусьте 50-ден астам заң журналдарындағы ғылыми мақалалардың авторы.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер