Жақып Қажманұлы Асанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Жақып Қажманұлы Асанов (17 тамыз 1963, Қызылорда) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, заңгер, заң ғылымдарының кандидаты және II дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі. 2023–2026 жылдары Парламент Сенаты төрағасының орынбасары, 2017–2022 жылдары Жоғарғы сот төрағасы, 2016–2017 жылдары Бас прокурор.
Өмірбаяны
- С.М. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1985), мамандығы - «Құқықтану».
- 1985 жылдан - Қызылорда облыстық қорғаушылар коллегиясының стажері.
- 1986 жылдан - Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі міндетін атқарушы, прокурордың аға көмекшісі, Қызылорда облысы прокуратура бөлімінің бастығы.
- 1993 жылдан - жалпы бақылау басқармасының аға прокуроры.
- 1993 жылдың қазан айынан - ҚР Бас прокуратурасының жалпы бақылау басқармасының бақылау органдарында банктер, қаржы-несие қатынастары туралы заңнаманың орындалуын қадағалау бойынша бөлім бастығы.
- 1995 жылдың қараша айынан - кеңесші.
- 1996 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің заңнама, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі.
- 1996 жылдан - ОҚО бойынша салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары.
- 1997 жылдан - ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, бастықтың орынбасары, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар іс-әрекетіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
- 2001 жылдан - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.
- 2002 жылдан - Павлодар облысының прокуроры.
- 2003 жылдан - ҚР Әділет вице-министрі.
- 2005 жылдан - «Атамекен» одағы» ҚҰЭП атқарушы директоры.
- 2005 жылдың маусым айынан 2006 жылдың наурыз айына дейін - «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
- 2006 жылдан - «Ордабасы» корпорациясы» АҚ президенті.
- 2007-2011 жж. – «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
- 2012 жылғы қаңтардан бастап – «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
- 2012 жылдың қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
- 2016 жылдың 25 сәуірінен - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры.<ref>Қазақстанның Бас прокуроры тағайындалды</ref>
- 2017 жылғы 11 желтоқсан - 2022 жылғы 8 желтоқсан аралығында Жоғарғы сот төрағасы болды.
- 2023 жылы 24 қаңтарда Президент Жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалды. 2023 жылы 26 қаңтарда Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды.<ref>АНЫҚТАМА. Асанов Жақып Қажыманұлы</ref>
Марапаттары
- «Құрмет» орденімен марапатталған.
- ҚР Прокуратурасының Құрметті қызметкері.
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001).
Шендері
- Әділет аға кеңесшісі.
- Әскери атағы - аға лейтенант.
Отбасы
- Анасы - Асанова Зағипа, зейнеткер, түтынушылық кооперация жүйесінің ардагері.
- Үйленген. Жұбайы - Асанова Зухра (1965 жылы туған), үй шаруасында.
- Ұлдары - Асанов Темір (1988 жылы туған), Асанов Ержан (1990 жылы туған); қызы - Асанова Ажар (2000 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Санат:
- Павлодар облысының прокурорлары
- Қазақстан вице-министрлері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің IV шақырылымының депутаттары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің V шақырылымының депутаттары
- Қазақстан Бас Прокурорлары
- Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағалары
- Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Аманат партиясының мүшелері
- Заң ғылымдарының кандидаттары