Дәметкен Медіханқызы Төреқұлова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Дәметкен Медіханқызы Төреқұлова — экономика ғылымының докторы (2008), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1964 жылы 6 желтоқсанда Түрікменстанның Түрікменбашы қаласында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын (1987, қазіргі Нархоз университеті) бітірген.
1987-91 жылдары Алматы энергетикалық институтында, 1991-97 жылдары "Алатау" ЖШС-де экономист, бухгалтер, бас бухгалтер, 1998-2008 жылдары Ақтау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, декан, Экономика және құқық институтының директоры, 2008-09 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінде кафедра меңгерушісі, 2009-2022 жылдары Қазақ экономика, қаржы халықаралық сауда университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 2022 жылдан "Esil University" мекемесінің оқу және ғылым жөніндегі проректоры.<ref>Даметкен Медихановна.</ref>

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Устойчивое развитие рыбохозяйственного комплекса РК" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
69 ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монография, 2 оқу құралының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер