Экономика және құқық институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Экономика және құқық институты – 1997 жылы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: ұлттық экономиканы үйлестірудегі әр түрлі механизмдердің өзара іс-қимылы бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар мен методол. негіздемелер жасау; келешектегі нарықтық өзгерістердің баламалы варианттарын анықтау және бірқалыпты, орнықты дамуға жетуді қамтамасыз ететін кешенді шараларды негіздеу; халықтың тұрмыс жағдайын анықтау арқылы әлемдік стандартқа сай көрсеткіштер жүйесін айқындау үшін әлеуметтік болжамның методол. негіздерін жасау; әлеуметтік сала мен өндірістегі қазіргі заманғы тұжырымдама мен менеджмент технологиясы; экономикалық процесті модельдеу мен үйлестірудің макроэкономикалық мәселелері; экон. талдауда математика тәсілдерді қолдану; еңбекпен қамту мәселелері мен оны шешу жолдары; халықаралық экономикалық қатынастар мен сыртқы экономикалық саясат. «ҚазҰУ хабаршысы, экономика сериясы» журналы шығып тұрады.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}