Гүлмира Бекзатқызы Дәулетова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шахматшы Гүлмира Бекзатқызы Даулетова (13 сәуір 1988, Қазақ КСР, КСРО Шымкент облысы Ленинск) — шахматтан халықаралық әйелдер шебері (2007),[Қазақстан Республикасы әйелдер құрамасының тұрақты мүшесі.<ref>https://ratings.fide.com/card.phtml?event=13702971</ref> Қазіргі уақытта Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы және турнирлік директоры болып жұмыс істейді.<ref>http://e2e4.kz/info/news/gulmira-dauletova-lyubite-shakhmaty-igrayte-v-shakhmaty-izuchayte-shakhmaty-/ Үлгі:Webarchive</ref>

4 жасар Гүлмираның алғашқы тренері, оның әкесі (бағдарламашы және шахматтан спорт шеберіне үміткер) болды. 12 жасында әкесімен көршілес жатқан Өзбекстанға халықаралық турнирге барып, бірінші орын алды, сол турнирде жас шахматшыны Шымкенттік жаттықтырушысы Григорий Ким байқады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құқықтану және халықаралық қатынастар» факультетін тамамдап, 2014 жылы - Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетінің магистратурасын бітірген.<ref>https://forbes.kz/life/style/kletchatoe_zazerkale_1/</ref> Испанияда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып, "V Open International St Casablanca" турнирін жеңіп алды. Қазіргі таңда Қазақстанның үздік 5 шахматшысы қатарына енген.<ref>https://www.voxpopuli.kz/main/2320-top-5-shakhmatistok-kazakhstana.html</ref>

Жетістіктері

  • 2001 ж. - 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Өзбекстан чемпионы;
  • 14, 18, 20 жасқа дейінгі топтағы қыздар арасындағы Қазақстан чемпионы;
  • 2004 ж. - 16 жасқа дейінгі Азия чемпионатының қола жүлдегері;

3 ұпайды орындап Халықаралық шебер атанды. 1). 2005 ж. 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында (Бельфор, Франция,), 2). 2006 ж. Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында (Турин, Италия,), 3) 2006 ж. 18 жасқа дейінгі Азия чемпионатында бірінші орын үшін (Бішкек, Қырғызстан);

  • 2006 ж. - 18 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы Азия чемпионы;
  • 2007 ж. - Макао жабық бөлмелеріндегі Азия ойындарының қола жүлдегері;
  • 2007 ж. - "Аэрофлот С -2007" турнирінің жеңімпазы (ерлер номинациясы)

Қазақстанның Әйелдер арасындағы үш дүркін чемпионы (2007, 2008, 2010);

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер