Бақытжан Байқадамов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға

Бақытжан Байқадамов (11 наурыз 1917, Торғай облысы16 маусым 1977, Алматы) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1957)<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>.

Өмірбаяны

Алматы мемлекеттік университетін (1937), Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1954).

1941 жылы Қазақ радиосында хор жетекшісі, 1947—1949 жылдары әйелдер ән-би ансамблінің жетекшісі әрі дирижері болды.

1952 — 1960 жылдары Қазақ филармониясын басқарды. Осы жылдары “Почташы”, “Су тасушы қыз”, “Домбыра”, “Алма ағаштар жайнайды”, “Кел, достар”, “Теміртау жастарының әні”, “Айгөлек”, “Бөбегім” атты ойнақы әндері мен “Майра”, “Тойбастар”, “Он алты қыз” сияқты хорға арналған шығармалары дүниеге келді.

1969 жылдан өмірінің аяғына дейін Қазақ қыздар педагогикалық институтында ұстаздық етті.

Шығармашылығы

Байқадамов Бақытжан Қазақстанда көп дауысты хор музыкасы жанрын қалыптастыруда ерекше еңбек етті.

“Жайлауға”, “Біз бейбітшілік үшін”, т.б. хорға арналған сюиталар, вокалдық композициялар, хорға арналған көлемді поэмалар (“Қыз арманы”, “Айтыс”, “Еңбек жемісі”) жазды. Физика, математика, музыка теориясы саласындағы білімін ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру мақсатына пайдаланып, домбыраның үнділігін арттыратын жаңа өлшемдер жасап шықты. Көпшілікке танымал болған “Айгүл” ансамблін ұйымдастырып, эстрадалық жанрдың дамуына да ат салысты. Қазақ мемлекеттік хор капелласы Байқадамов Бақытжан есімімен аталады, оның көркемдік жетекшісі және дирижері Бейімбет Демеуов<ref>https://egemen.kz/article/214305-bbayqadamov-atyndaghy-memlekettik-khor-kapellasyna-–-80-dgyl%C2%A0%C2%A0%C2%A0%C2%A0</ref> (1997).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала