Бақытжан Байқадамов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақытжан Байқадамов (11.3.1917, Торғай облысы — 16.6. 1977, Алматы) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңерген өнер қайраткері (1957)<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>.


Алматы мемлекеттік уиверситетін (1937), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1954). 1941 жылы Қазақ радиосында хор жетекшісі, 1947—1949 жылдары әйелдер ән-би ансамблінің жетекшісі әрі дирижері болды. 1952 — 1960 жылдары Қазақ филармониясын басқарды. Осы жылдары “Почташы”, “Су тасушы қыз”, “Домбыра”, “Алма ағаштар жайнайды”, “Кел, достар”, “Теміртау жастарының әні”, “Айгөлек”, “Бөбегім” атты ойнақы әндері мен “Майра”, “Тойбастар”, “Он алты қыз” сияқты хорға арналған шығармалары дүниеге келді. 1969 жылдан өмірінің аяғына дейін Қазақ қыздар педагогикалық институтында ұстаздық етті. Байқадамов Бақытжан Қазақстанда көп дауысты хор музыкасы жанрын қалыптастыруда ерекше еңбек етті.

“Жайлауға”, “Біз бейбітшілік үшін”, т.б. хорға арналған сюиталар, вокалдық композициялар, хорға арналған көлемді поэмалар (“Қыз арманы”, “Айтыс”, “Еңбек жемісі”) жазды. Физика, математика, музыка теориясы саласындағы білімін ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру мақсатына пайдаланып, домбыраның үнділігін арттыратын жаңа өлшемдер жасап шықты. Көпшілікке танымал болған “Айгүл” ансамблін ұйымдастырып, эстрадалық жанрдың дамуына да ат салысты. Қазақ мемлекеттік хор капелласы Байқадамов Бақытжан есімімен аталады (1997).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}