Ақкөл құдығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ақкөл – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қаражал әкімдігі аумағындағы құдық.
Тереңдігі 2,0 м, су шығымы 200 л/сағ. Жетіқоңыр құмының солтүстік-шығысын ала орналасқан құдықтың батысы жарлы-сайлы келген. Солтүстік-шығысының ойпаңдау жеріне жазда құрғап қалатын шағын өзен келіп құяды. Құдықтың төңірегінде жусан, баялыш, күйреуік басым шөлге тән сораң шөптесіндер өседі.