Баялыш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баялыш <ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;</ref> (Salsola arbuscula) – алабұталар тұқымдасының сораң туысына жататын бұта. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздері маңында, Маңғыстауда, Бетпақдалада, Қызылқұмда, Мойынқұмда, Қаратауда кездеседі. Биіктігі 40 – 100 см. Ақшыл сұр қабықты, ретсіз бұтақтанған сабағы бар. Тықыр немесе қысқа қылтанақты жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлшоғыры масақ тәріздес, қызғылт түсті келеді. Шілдеқыркүйек айларында гүлдейді. Баялыш шөлді аймақтарда мал азығы және отын ретінде пайдаланылады.

Сілтеме

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баялыш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}