Ақкөл құдығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

АқкөлҚарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қаражал әкімдігі аумағындағы құдық.

Тереңдігі 2,0 м, су шығымы 200 л/сағ. Жетіқоңыр құмының солтүстік-шығысын ала орналасқан құдықтың батысы жарлы-сайлы келген. Солтүстік-шығысының ойпаңдау жеріне жазда құрғап қалатын шағын өзен келіп құяды. Құдықтың төңірегінде жусан, баялыш, күйреуік басым шөлге тән сораң шөптесіндер өседі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}