Жақаш
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Жақаш — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Суханбаев ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде, боз жусан, ши, жүзгін аралас сортаңды шөп өскен құмайтты сор, сортаңды, сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1005 | Үлгі:Құлдырау640 | Үлгі:Өсім1052 | 164,4 | 308 | Үлгі:Өсім532 | 172,7 | 332 | Үлгі:Өсім520 | 156,6 |
Тарихы
Іргесін 1929 жылы "Батырақ" ауыл шаруашылығы артелін ұйымдастырушылар қалаған. 1962-1997 жылдары Фрунзе атындағы қызылша өсіретін ұжымшардың орталығы болды. Ауылға Тұрар Рысқұловтың серігі Жақаш Мамыровтың есімі еліміз егемендік алғаннан кейін облыс әкімінің 06.07.1992 жылғы №60 шешімімен берілді.
Ауыл маңы
Ауылда "Сәмбет" каналы бар. Оның ұзындығы 10 км. Талас өзенінен басталып, Тегістік, Жақаш, Қарасу және Көкөзек ауылдарын басып өтеді.
Сонымен бірге ортағасырлық тарихы бар "Қоңыртөбе" (төбенің қоңыр түсті топырағына байланысты) деп аталатын жота бар.<ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>