Жақаш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Жақаш — ауыл атауы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Суханбаев ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы Сарыкемер ауылынан 25 км жерде, боз жусан, ши, жүзгін аралас сортаңды шөп өскен құмайтты сор, сортаңды, сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,1 мың адам. Іргесін 1929 жылы "Батырақ" ауыл шаруашылығы артелін ұйымдастырушылар қалаған. 1962-1997 жылдары Фрунзе атындағы қызылша өсіретін ұжымшардың орталығы болды. Ауылға Тұрар Рысқұловтың серігі Жақаш Мамыровтың есімі еліміз егемендік алғаннан кейін облыс әкімінің 06.07.1992 жылғы №60 шешімімен берілді.

Ауыл маңы

Ауылда "Сәмбет" каналы бар. Оның ұзындығы 10 км. Талас өзенінен басталып, Тегістік, Жақаш, Қарасу және Көкөзек ауылдыарын басып өтеді.

Сонымен бірге ортағасырлық тарихы бар "Қоңыртөбе" (төбенің қоңыр түсті топырағына байланысты) деп аталатын жота бар. <ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Байзақ ауданы елді мекендері